ҚР ДСМ «Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ» ШЖҚ РМК медицина қызметкерінің

ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ

Адамгершілік пен мейірімділік қағидаттарын, Дүниежүзілік Медицина Қауымдастығының этика жөніндегі құжаттарын және Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау мен медициналық көмек бөлігіндегі заңнаманы басшылыққа ала отырып, денсаулық сақтау жүйесіндегі медицина қызметкерінің рөлін ресми түрде мәлімдей, медицина қызметкерінің пациентпен өзара қарым-қатынасының ерекше сипаты мен әрбір медицина қызметкері өзінің медициналық (дәрігерлік) қызметі үшін үшін медицина қоғамдастығы алдында моральдық жауапты екенін, ал медициналық қоғамдастық жаплпы қоғам алдында өзінің мүшелері үшін үшін жауапты екенін ресми жариялау арқылы осы қарым-қатынастарды медициналық этика нормаларымен құқықтық реттеудің қосымша механизмдерінің қажеттілігін ескере отырып, «медицинадағы барлық жақсылық – пациенттің итгілігі үшін» аксиомасын қабылдай отырып, ҚР ДСМ «Кардиология және ішкі аурулар» ҒЗИ ШЖҚ РМК медицина қызметкерінің осы Этикалық кодексін қабылдайды.    

1 ТАРАУ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап

Медицина қызметкерінің этикалық кодексі жұмыскерлердің лауазымдық міндеттерді атқаруы барысында медициналық жұмысшыларға жетекшілік етуге ұсынылған тәртіп ережесі мен этикалық нормаларының жинағы болып табылады. Кодекстің ережелері ҚР ДСМ «Кардиология және ішкі аурулар» ҒЗИ ШЖҚ РМК медицина жұмыскерлерінің барлығына таралады.

2 ТАРАУ

МЕДИЦИНА ЖҰМЫСКЕРІ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

2-бап

Медициналық жұмысшының кәсіби қызметінің негізгі мақсаты – адам өмірін сақтап қалу және медициналық көмек көрсету арқылы сапасын жақсарту. Медицина жұмыскері пациенттің жынысына, жасына, нәсілі мен ұлттық ерекшелігіне, оның әлеуметтік мәртебесіне, діни және саяси ұстанымына, сонымен қатар, өзге де медициналық емес факторлар мен материалдық жағдайына қарамастан кез келген адамға медициналық көмек көрсетуге үнемі дайын болуға міндетті. Әлеуметтік қамтылмаған топтарға қайтарымсыз көмек ұсыну адамгершілікке жатады және әрдаым ақталады.

Медицина жұмыскері заңды тәсілдермен халықтың денсаулығын қорғау ісіне, соның ішінде медицина, гигиена, экология мен өзара қарым-қатынас мәдениеті мәселелері бойынша ағарту жұмыстарына да ықпал етуі тиіс.

Медицина жұмыскері өлім жазасы мен азаптауға араласпайды, тіпті қатыспайды. Медицина жұмыскері адамның ар-намысын таптау немесе қатыгездік іс-әрекеттерге жол бермейді.

3-бап

Медициналық қызметтің басты шарты – кәсіби құзыреттілік, арнайы білім және дәрігерлік шеберлік.

Медицина жұмыскері медициналық көмек сапасы алған білімінен жоғары болмайтынын ескере отырып, үнемі белсенді түрде білімін тереңдетуге ынталануы қажет. Адамгершілік ұстаныммен қатар, өзіне жоғары талап қоя білу, өзінің қателіктерін мойындау және түзету қабілеттері дәл осы кәсіби құзыреттілік медицина қызметкеріне медициналық шешімдерді қабылдау құқығын береді.

4-бап

Пациентке байқаусызда, тіпті қасақа зиян тигізу, оған физикалық, адами немесе материалдық ззалал келтіруге жол берілмейді. Медицина қызметкерінің осындай залал келтіруші үшінші тұлғалардың іс-әрекетіне бейжай қарай алмайды. Медицина қызметкері медициналық араласудың, әсіресе, тексеру немесе емдеу ауырсынуды, пациент үшін мәжбүрлеу мен басөқа да ауыр факторлармен әлеуетті пайдасын болжалды асқынулармен салыстыруға міндетті.

5-бап

Медицина қызметкері өз білімін және қызметін асыра пайдалану медициналық кәсіпке қайшы келеді. Медицина қызметкері пациентке өзінің философиялық, діни немесе саяси көзқарастары мен пікірін зорлап таңуға құқылы емес. Жеке тысқары пікірлері мен басқа да кәсіби емес уәждері диагностика мен емдеуге әсер етпеуі тиіс.

6-бап

Медицина қызметкері еркін болуы керек. Медицина қызметкерінің құқығы мен борышы – өзінің кәсіби тәуелсіздігін сақтап қалуы. Медицина қызметкері бейбіт өмірде және соғыс кезінде де нәрестелер мен қарттарға, әскери адамдар мен азаматтарға, қамауға алынған жоғары шенді басшыларға да медицина көмек көрсете отырып, өзінің кәсіптік шешімдері үшін толықтай жауапты болады, сондықтан да әкімшілік, пациенттер немесе өзге де тұлғалар тарапынан болатын кез келген қысымдарға қарсы тұра білуі қажет.

Медицина қызметкері этикалық қағидаларға, кәсіби борышқа немесе заңға қайшы келетін іс-әрекеттерді талап ететін кез келген жеке немесе заңды тұлғалардың ынтымақтастық ұсыныстарынан бас тартуға міндетті. Медицина жұмыскері сараптамаларға, консилиумдарға, комиссия, кеңес беру жұмыстарына және т.б. қатысу арқылы өзінің ұстанымын, көзқарасын ашық және анық білдіруге міндетті, егер, қысым көрсетілетін болса, заңдық және қоғамдық қорғау қызметіне жүгіне алады.

7-бап

Медицина жұмыскері медициналық көмек көрсету сапасына жауап береді. Медицина қызметкері көрсетілетін көмектің сапалы және жоғары дәрежеде болуына бар күшін салуы тиіс.

8-бап

Медицина жұмыскері пациентпен жұмыс істеуден бас тартуға құқылы және мынадай жағдайларда оны басқа маманға жүктей отырып, пациентті қараудан бас тарта алады:

- егер, өзін барынша құзыретті ретінде сезінбейтін болса, тиісті көмек түрін көрсетуге қажетті техникалық мүмкіндіктері болмаған жағдайда;

- медициналық көмектің осы ьүрі медицина қызметкерінің адамгершілік қағидаттатрына қайшы келетін болса;

- пациентпен бірге терапиялық серіктестік қатынас орната алмаған жағдайда.

9-бап

Медицина жұмыскерінің міндеттері

- өздерінің іс-әрекеттері арқылы ҚР ДСМ «КжІА ҒЗИ» ШЖҚ РМК беделін арттыруға, мүддесін қорғауға, аурухана қызметкерлерінің беделін төмендететін әрекеттерге жол бермеуге;

- пациенттің құқықтарын, еркіндігі мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауға;

- аурухана қызметкерлерінің бірлігі мен ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал ету;

- еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға, өзінің қызметтерін адал, әділ және сапалы орындауға, жұмыс уақытын тиімді пайдалануға;

- өзінің ісіне деген қарым-қатынасы мен жеке мінез-құлқымен ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық ахуал орнатуға;

- пайдақорлық мақсатта қызметтік ақпаратты пайдалануға жол бермеуге;

- өзіне белгілі және қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қолдануға рұқсат берген медицинаның соңғы ғылыми жетістіктерін пайдалануға;

- дәрі-дәрмек тағайындау кезінде медициналық көрсетілімдерді басшылыққа алуға және тек қана науқастың мүддесі үшін тағайындауға;

- жұмыс істейтін мекемеге қатысы бойынша өзіне жүктеген міндеттемелерді ада орындауға;

- пациенттермен және әріптестермен өзара адал болуға, басқа дәрігерлердің кәсіби кемшіліктеріне қатысты өз ұстанымын дәлелдеуге, өзінің қателіктерін мойындауға;

- жас мамандарды оқыту кезінде өз міндеттерін атқарудағы мінез-құлқы және ұстанымы арқылы оларды үлгі болуға;

10-бап

Медицина жұмыскерінің қызметіндегі шектеулер

- өз білімі мен мүмкіндіктерін ізгіліксіз істерге пайдалануға;

- дәрі-дәрмек өндіруші және таратушы фирмалар тарапынан олардың дәрілерін тағайындағаны үшін сыйлықтар алуға;

- пациентке емдеу курсын тағайындау кезінде дәрі-дәрмектік препараттар, медициналық бұйымдар туралы дәйексіз, толымсыз немесе бұрмаланған ақпаратты ұсынуға, сонымен бірге пациенттен төмен бағалы дәрілік препараттардың, медициналық бұйымдардың болуы туралы ақпаратты жасырып қалуға;

- өзінің іс-әрекеті және шешімдері арқылы қоғам тарапынан сыналуға себеп болмауға, айтылған сын үшін қудаламауға, айтылған сынға төзімді болуға, өзінің кәсіптік қызметінде орын алған кемшіліктерді жою мен жақсарту үшін сындарлы шешім қабылдауға.

3-ТАРАУ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖҰМЫСКЕР ЖӘНЕ ПАЦИЕНТТІҢ ҚҰҚЫҒЫ

11-бап

Медициналық жұмыскер және пациенттің еркіндік пен тәуелсіздік құқығы. Медициналық жұмыскер пациенттің ар-намысы мен абыройын құрметтеп, оған және оның жақындарына ілтипат білдіруі мен шыдамдылық танытуы тиіс. Медициналық қызметкер тарапынан пациентке қатысты дөрекі және адамгершілікке жатпайтын қылық таныту, оның адами ар-намысын қорлау әрекеттеріне жол берілмейді. Медициналық қызметкер науқас адамның туыстары мен жақындарының қамқорлығын түсіністікпен қабылдауы қажет. Пациент-қоғам, пациент-отбасы және т.б. тараптардың мүдделері арасында шиеленіс туындаған жағдайда медициналық қызметкер егер, пациенттің мүддесін іске асыру пациенттің өзіне немесе оны қоршаған адамдарға нұқсан келтірмейтін болса, емделушінің мүддесін қолдауы тиіс.    

12-бап

Медициналық қызметкер және пациенттің өз жағдайы туралы барабар ақпарат алу құқығы.

Медициналық жұмыскер пациентпен арадағы қарым-қатынасты «терапиялық серіктестік», яғни, науқас дәрігердің серіктесіне айналатындай жағдайды орната отырып, өзара сенім мен өзара жауапкершілік негізінде құруы қажет.

Пациенттің денсаулығы мәселелерін оптимистік көңіл-күймен және оған түсінікті тілде талқылап, медициналық іс-әрекеттер жоспарын түсіндіру қажет және тексеру мен емдеу әдістерінің артықшылықтары, кемшіліктері мен бағасы және болжалды асқынулар туралы объективті ақпарат беру қажет.  

Медициналық жұмыскер орындалмайтын уәде бермеуі қажет және уәдесін орындауға міндетті. Пациент өзінің денсаулығы туралы толық ақпарат алуға құқылы, дегенмен, дәрігер жауап беруден бас тартуға немесе денсаулық туралы ақпарат беруге болатын адамды белгілей алады. Ақпарат пациентке зиян келтіруі мүмкін себеп болса, оны жасырып қалуға болады. Алайда, пациент қатаң талап еткен жағдайда дәрігер оған толық ақпарат беруге міндетті. Егер, науқастың денсаулығына жасалған болжам жағымсыз болса, мұндай ақпаратты сипайы түрде абайлап жеткізу қажет. Егер, пациенттің физикалық және психикалық ахуалы сенімді қарым-қатынас мүмкіндігін шектейтін болса, дәрігердің көзқарасы бойынша науқастың мүддесіне барынша сәйкес келетін туысын немесе оны басқа да жақынын немесе заңды өкілін белгілеу қажет.

13-бап

Медициналық жұмыскер және пациенттің басқа бір бөгде ықпал етумен шектелмеген медициналық көмек алу құқығы.

Медициналық көмек көрсету кезінде медициналық жұмыскер тек пациенттің мүдделерін, өзінің білімі мен жеке тәжірибесін басшылыққа алуы тиіс. Медицина қызметкерінің қандай да бір дәрі-дәрмек пен дәрігердің көзқарасы бойынша барабар және заманауи медициналық стандарттарға қайшы келмейтін емдеу түрлерін тағайындау құқығына ешқандай шектеу қойылмайды.

Егер, медицина қызметкерінің көзқарасы бойынша қажетті болып саналатын емдеу түрі қандай да бір себептермен қол жетімсіз болып табылатын болса, медицина жұмыскері ол туралы науқасқа немесе оның туыстарына хабарлауға міндетті және «терапиялық серіктестік» жағдайында емдеу тәсілі туралы шешім қабылдауы қажет. Кәсіби қиындықтар туындаған жағдайда медицина қызметкері дереу әріптестерінің немесе мекеме басшыларының көмегіне жүгіне алады.

14-бап

Медициналық жұмыскер және пациенттің емдеуге келісім беру немесе бас тарту құқығы.

Пациенттің жалпы медициналық көмекке және оның нақты бір түріне мағлұматты, саналы және ерікті түрде келісім беруі пациенттің кенеттен ерік білдіруі емес, тиімді терапиялық серіктестік жасау нәтижесі болып табылады. Медицина жұмыскерінің мінез-құлқы пациенттің өз әрекеттеріне жауапты болу сезімін дамытуға ықпал етуі тиіс. Ақыл-есі дұрыс пациенттің медициналық көмектен бас тартуы, медициналық жұмыскер мен пациент арасында терапиялық серіктестіктің болмауының нәтижесі, сондықтан да бұл әрдайым дәрігердің жауапкершілігіне жүктеледі. Пациенттің медициналық көмектен ерікті түрде немесе басқадай бір түрде бас тартуы, оған келісумен бірдей саналы түрде болуы қажет. Пациенттің келісімінсіз ешбір медициналық араласуға жол берілмейді, бірақ ерекше жағдайлардан басқа:

- физикалық немесе психикалық жағдайдың ауырлығы пациенттің саналы түрде шешім қабылдауына мүмкіндік бермейтін болса;

- пациент қоршаған адамдарға қауіп төндіретін болған жағдайларда медицина қызметкерінің мәжбүрлеу шараларын қолдануы қажетті және этикаға сай болып саналады.

Медицина қызметкеріне мәжбүрлеп тексеру немесе емдеу шаралары жүктелген жағдайларда, мұндай іс-шаралар қатаң түрде заңнама талаптарына сай жүзеге асырылады.

Егер, медициналық көрсетілімдер болмаған жағдайдам медицина қызметкері мәжбүрлеу шараларын пайдалану арқылы емдеу әрекеттерін орындауға құқылы емес. Ол өзінің бас тарту уәждемелері туралы мәжбүрлеп емдеу туралы шешім қабылдаған органға хабарлауы тиіс.

15-бап

Медициналық қызметкер және пациенттің физикалық және психикалық сау болуы құқығы

Барлық жағдайларда пациенттің физикалық және психикалық сау болу құқығы даусыз, ал оған қастандық жасауға жол берілмейді.

16-бап

Медициналық қызметкер және пациенттің дәрігерлік құпияны сақтау құқығы.

Пациент дәрігердің өзі туралы барлық медициналық құпияны және жек басы туралы ақпаратты сақтайтынына сенімді болуы тиіс. Медициналық қызметкер пациенттің немесе оның заңды өкілінің рұқсатынсыз тексеру мен емдеу барысында белгілі болған мәліметтерді, соның қатарында медициналық көмекке жүгінгені туралы ақпаратты жариялауға құқылы емес. Медициналық қызметкер медициналық құпияның жария болуына кедергі болатын шараларды қабылдауы қажет. Пациенттің өлімі медициналық құпияны сақтау жауапкершілігінен босатпайды. Медициналық ақпаратты келесі жағдайларда тапсыру немесе ұсыну құпияны жариялау болып саналмайды:  

- кәсіби кеңес беру мақсатында;

- ғылыми зерттеулер жүргізу, емдеу-сауықтыру бағдарламаларының тиімділігін бағалау, медициналық көмек пен оқу үдерісінің сапасын сараптау мақсатында;

- медициналық қызметкерде пациентке немесе қоршаған адамдарға зиян келтірудің алдын алудың басқа мүмкіндігі болмаған жағдайда;

- соттың шешімі бойынша.

Егер, қолданыстағы заңнамада өзге де жағдайларда медициналық құпияны жариялау қажеттілігі көзделген болса, медициналық қызметкер этикалық жауапкершіліктен босатылады. Аталған барлық жағдайларда медицина қызметкері пациентке ақпаратты жария етпеу мүмкін еместігі туралы хабарлап, оның келісімін алуы қажет.

17-бап

Медицина қызметкері және пациенттің дәрігерді еркін таңдау құқығы.

Медицина қызметкері пациенттің ары қарай басқа дәрігерде емделуіне кедергі келтірмеуі тиіс. Медицина қызметкері емдеуші дәрігерді таңдау, емдеу-профилактика шараларын жүргізу туралы шешім қабылдау құқығын құрметтеуге міндетті. Медициналық қызметкер пациенттің емделуге ерікті келісімін науқаспен жеке сөйлесу кезінде алады. Мұндай келісім саналы түрде қабылдануы қажет және науқас емдеу әдістері, олардың салдары, соның қатарында, болуы мүмкін асқынулар мен өзге емдеу әдістері туралы ақпарат алуы тиіс. Пациенттің келісімінсіз емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізу пациенттің өмірі мен денсаулығына қауіпті және жағдаятты бағалауға қабілетті болмаған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Мұндай жағдайларда алқалық шешім қабылдаған жөн. Психикалық сырқаттармен ауыратын тұлғаларды емдеу кезінде медициналық қызметкер ҚР заңнамаларын басшылыққа алады. Медицина қызметкері баланы емдеу кезінде оның ата-анасы мен қамқоршысына толық ақпарат беріп, қандай да бір емдеу әдісін немесе дәрілік құралды пайдалануға келісім алуы қажет. Дәрігердің өзін-өзі жарнамалауы дәрігерлік әдепке жатпайды.

Емдеу үдерісінде қателік жіберілген жағдайда немесе күтпеген асқынулар орын алғанда медицина қызметкері ол туралы науқасқа, тікеле басшысына хабарлап, шұғыл түрде зиянды салдарды түзетуге бағытталған іс-әрекеттерге кірісуі керек.

4-ТАРАУ

ДӘРІГЕРЛІК ҚҰПИЯ

18-бап

Әр пациент жеке құпиясын сақтауға құқылы, және дәрігер, көрсетілген медициналық көмекке қатысқан басқа тұлғалар сияқты бірдей және де пациенттің өлімінен кейін де, медициналық көмекке жүгінген фактінің өзі де егер де науқас өзгеше реттемеген жағдайда дәрігерлік құпияны сақтауға міндетті.

Науқасты емдеу және қарау барысында алынған барлық мәліметтер бірдей құпия (диагноз, емдеу әдістері, болжам және т.б.) болып табылады. Пацимент туралы медициналық ақпарат келесі жағдайларда ашылуы мүмкін:

- пациенттің жазбаша келісімі бойынша;

- тергеу, тексеру органдарының, прокуратура мен сот орындарының талап етуі бойынша;

- егер, құпия сақтау пациенттің немесе басқа адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін болса;

- емдеуге басқа мамандар тартылғанда бұл ақпарат кәсіби қажеттілік болған жағдайда

Медициналық қызметкер науқасты емдеуге қатысатын тұлғалар да кәсіби құпияны сақтауы қадағалауы қажет. Медициналық ақпараттарға қол жетімді құқығын пайдаланатын тұлғалар пациент туралы алған барлық мәліметтерді құпияда сақтауға міндетті. Ғылыми зерттеу үдерісінде студенттерді оқыту және дәрігерлерді жетілдіруде дәрігерлік құпия сақталуы қажет. Оның келісімі мен ғана науқасты көрсетуге болады.

5-ТАРАУ

ӘРІПТЕСТЕРМЕН ЖӘНЕ ӨЗГЕ МЕДИЦИНА ПЕРСОНАЛЫМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

19-бап

Медицина қызметкері медицина қауымдастығының абыройы мен игілікті дәстүрлерін сақтауға міндетті. Медицина қызметкері өзін дәрігерлік шеберлікке үйреткен тұлғаға қатысты құрметін, шексіз алғысы мен оның алдындағы міндеттерін сақтай білуі қажет. Медицина қызметкері дәрігерлік қауымдастығын нығайту үшін дәрігерлер ассоциацияларының жұмысына белсенді араласып, өзінің және де әріптестерінің абыройы мен ар-намысын қорғауы, дәрігерлер қауымдастығы қабылданбаған диагностикалық және емдеу әдістерін қабылдамауға міндетті. Медицина қызметкерінің моральдық міндеті медицина қауымдастықтарының озық қатарын толықтырып, өзінің және әріптестердің қателіктерін әділ талдауға, сондай-ақ пациенттің денсаулығына зиян келтіретін құзыретсіз және абыройсыз, кәсіпқой емес әріптестердің іс-әрекетіне тосқауыл болу.

20-бап

Медицина қызметкері әріптестермен ұстамды және лайықты қарым-қатынас орнатуы тиіс. Әріптестермен өзара қарым-қатынаста адал, әділ, мейірімді, тәртіпті болумен қатар, олардың білімі мен тәжірибесіне құрметпен қарап, өз тәжірибесі мен білімімен бөлісуге дайын болуы қажет. Басшылықтың басқа медицина қызметкерлері мен персоналға қатысты моральдық құқығы әкімшілік ету жағдайын емес, кәсіби және адамгершілік құзыреттілік деңгейін ұсынады. Әріптестердің атына айтылған сын дәлелді және жәбірлемейтін болуы тиіс. Сынға әріптестің өзі емес, олардың кәсіби іс-әрекеттері алынады. Өз беделін әріптестің беделін түсіру арқылы көтеруге жол берілмейді. Медицина қызметкері әріптестері туралы кері пікірлерді пациенттер имен олардың туыстары алдында айтуға құқылы емес. Медицина қызметкері әріптестерінің пациенттерін өзіне тартуға жол берілмейді. Күрделі клиникалық жағдайларда медицина қызметкерлері тәжірибесі аз әріптестеріне сыпайы түрде көмек көрсетеді. Алайда, толықтай емдеу үдерісі үшін жауапкершілік тек емдеуші дәрігерге жүктеледі. Ол әріптестердің ұсыныстарын қабылдауға немесе одан бас тартуға құқылы, осы ретте тек науқастың мүддесі бірінші кезекте тұрады.      

6-ТАРАУ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА ҮДЕРІСІ

21-бап

Пациенттің қатысуымен болатын кез келген зерттеу тек оның келісімімен және этика жөніндегі комитеттің мақұлдауымен жүзеге асырылады. Пациенттің қатысуымен жасалатын экспериментті жоспарлай отырып, медицина қызметкері пациентке зиян келтіру қаупі дәрежесін және болжалды жағымды нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігін салыстыруы қажет. Зерттеу жүргізетін медицина қызметкері қоғамдық пайда мен ғылыми мүдделерден жоғары пациенттің басымдығын басшылыққа алуға міндетті. Сынақтар мен эксперименттер пациентке толық ақпарат берілгеннен кейін оның ерікті түрде жасалған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Зерттеу жүргізетін медицина қызметкері пациенттің зерттеу бағдарламасынан кез келген сатыда және кез келген уәждеме бойынша бас тарту құқығына кепілдік беруі тиіс. Мұндай бас тарту пациентке қатысты кері әсер ету және оған ары қарай медициналық көмек көрсетуден бас таруға себеп болмауы қажет.

22-бап

Медицина қызметкері жаңа тәжірибелік әдістерді пайдалану кезінде өте абай болғаны жөн. Медициналық жаңа технологиялар немесе дәрі-дәрмектерді медициналық ассоциациялардың мақұлдауынан кейін ғана дәрігерлік тәжірибеде қолдануға болады. Медицина қызметкері кәсіптік арналар арқылы жаңалықтар мен емдеудің жаңа тәсілдерін жарнамалаудан аулақ болғаны дұрыс.

7-ТАРАУ

ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСТІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ, ОНЫ ҚАЙТА ҚАРАУ ЖӘНЕ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕУ

23-бап

Этикалық кодекстің әрекет етуі. Кодекс ҚР ДСМ КжІА ҒЗИ РМК барлық междици на қыхзметкерлері үшін міндетті болып табылады.

24-бап

Қызметкер өзінің мінез-құлқы ұжымда көпшілік алдында талқылауға түсетінін ұғынуы тиіс. Медицина қызметкерінің бірінші төрешісі – өзінің ұяты. Екіншісі – Этикалық комиссия атынан өзінің жарғысына және басқа да құжаттарға сәйкес бұзушыны жазалауға құқылы медициналық қауымдастық. Кәсіби әдептің бұзылғаны үшін жауапкершілік дәрежесін Этикалық комиссия белгілейді. Егер, этика нормаларын бұзумен қатар Қазақстан Республикасының қолданыстағы ережелерін де бұзылатын болса, медицина қызметкері ол үшін заң жүзінде жауапты болады.

25-бап

Этикалық кодексті қайта қарау және түсіндіру. Этикалық кодексті қайта қарау және оның ережелерін түсіндіру құқығы ҚР ДСМ КжІА ҒЗИ РМК Этика жөніндегі комиссияға тиесілі. Нақты жағдаяттарда кодекстің қандай да бір ережелерін түрлі мағынада түсіндіруге болатыны анықталады. Мұндай жағдайда Этикалық комиссия түсіндіруді шешім немесе конференцияда ресімдейді. ҚР ДСМ КжІА ҒЗИ РМК медицина қызметкерінің Этикалық кодексіне толықтырулар ретінде бекітілгеннен кейін түсіндіру заңды күшіне енеді.