Қазақ Кардиология ғылыми-зерттеу институты 1977 жылдың қараша айында Қазақстан КП ОК және Қазақ ССР Министрлер кеңесінің қпаулысына сай ҚазССР ДСМ «Алматы қаласында ҚазақССР ДСМ Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институтын ұйымдастыру туралы» 1977 жылғы 9 желтоқсандағы №8323 бұйрығымен құрылған болатын. Институтты құру Қазақстандағы медицина кадрларының әлеуетін дұрыс және оңтайлы пайдалану, кардиология саласындағы ғылыми зерттемелерді реттеу, халықты мамандандырылған кардиологиялық көмекпен қамтамасыз ету сапасын арттыру қажеттілігіне байланысты болды.

Институт 2001 жылы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды және осы уақыттан бастап институттың мақсаттары арта түсті. Қазіргі кезде Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жыл сайын Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен келген күрделі кардиологиялық, эндокринологиялық, ревматологиялық, аллергиялық, гастроэнтерологиялық сырқаттары бар науқастарға стационарлық көмек көрсететін республикадағы жетекші мекеме болып табылады.

2010 жылы институт «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ МКК мәртебесін иеленді.      

Институттың басшылары:

Исмагулов А.С. 1977-1979 жж. - доцент


Кулкыбаев Габдулла Абдыкожаевич

Кулкыбаев Г.А. елімізде медициналық экология, еңбек гигиенасы мен өндірістік залалдар токсикологиясы саласындағы ғылыми бағыттарды дамытты. Қазақ тілінде жарық көрген «Буын аурулары» ғылыми-көпшілік кітабының, 30 әдеби-сын мақалалардың, Қазақстан энциклопедиясындағы 10 астам қазақ тіліндегі мақалалардың авторы. Дүниежүзілік халықаралық, бүкілодақтық және республикалық ғылыми конгрестерде, құрылтайларда, конференциялар мен симпозиумдарда (Москва, Вена, Загреб, Будапешт, Страсбург, Санкт-Петербург, Хьюстон, Вашингтон, Копенгаген және т.б.). баяндамалар жасаған. ХҒТО бойынша  Бельгия мен Францияның ғалымдарымен бірлесе “INTAS” қоры, “Инфракос” бойынша халықаралық жобаларды және т.б. орындаған.

Ғылыми жұмыстарындағы жетістіктері мен сауықтыру шараларын енгізгені үшін, кадрлар даярлауда атқарған жұмыстары үшін «Әл-Фараби», «Конституцияның 10 жылдығы», «Еңбек ардагері» медалдерімен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Қазақстанның ғылым саласына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының, Қарағанды қаласының құрметті азаматы, Ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері.

400 астам ғылыми еңбектердің (олардың 60 астамы шетел басылымдарында жарияланған), соның қатарында 24 монографияның авторы болап табылады. ҚР мен Ресейдің 15 патенті мен патент алды жұмыстары бар. Оның басшылығымен 19 ғылыми еңбектер жинағы жарияланған. Г.А.Кулкыбаевтың жетекшілік етуімен 27 докторлық және 61 кандидаттық диссертациялар қорғалды.

Рысмендиев Армен Жаксыбекович

Академик А.Ж.Рысмендиевтің институт директоры және ҚР ДСМ Бас кардиологы ретінде басшылық етуімен ғылыми-зерттеу институты республикада кардиология мәселелері бойынша ғылыми және әдістемелік-ұйымдастыру орталығына айналды.  А.Ж.Рысмендиевтің бастамасы бойынша алғаш рет жүрек ынғағының күрделі бұзылыстары кезіндегі ырғақтың жасанды жүргізушісін хирургиялық енгізу жүзеге асырылған аритмология ғылыми орталығы құрылды.

Академик А.Ж. Рысмендиев – Қазақстанда кардиология ғылыми мектебін құрған жоғары білікті кардиолог маман. Оның бастамасымен «Кардиология» мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғау бойынша Диссертациялық кеңес, кардиология бойынша клиникалық аспирантура, докторантура және ординатура құрылып, ондаған докторлар мен жүздеген медицина кандидаттары даярланды. Олардың басым көпшілігі Қазақстанның ҒЗИ директорлары, капфедра меңгерушілері мен жетекші ғалымдарға айналды.  А.Ж.Рысмендиев жетекшілігімен 11 докторлық және 40 астам кандидаттық диссертациялар қорғалды. Практикалық денсаулық сақтау саласының жүздеген дәрігерлері, республика мен көршілес елдердің ғылыми мекемелерінің ғылым қызметкерлері кардиология бойынша клиникалық ординатурада және функционалдық диагностика (ЭКГ, ЭхоКГ, ішкі ағза ауруларының ультрадыбыстық диагностикасы), зертханалық диагностика бойынша жұмыс орындарында білім алды. Республиканың халық шаруашылығының ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған әртүрлі салаларында жүрек-қантамыр ауруларының таралуын зерттеу, профилактикалық медицина саласындағы ғылыми жаңалық пен докторлық диссертацияның тақырыбан айналған этникалық ерекшеліктерді ескере отырып, ауылдық жерлердегі алғашқы және қайталанған жүрек-қантамыр сырқаттарының алдын алу академик А.Ж.Рысмендиевтің ғылыми-зерттеу қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.  

Түркі тілдес елдер кардиологтарының ІІ конгресінде жүрек-қантамыр ауруларының генетикасы бойынша ғылыми жұмыстар циклі үшін академик Рысмендиев А.Ж Гран-при жүлдесін (Түркия, Анталия, қазан, 2000ж.) иеленді. 2001 жылы республиканың денсаулық сақтау жүйесінің жаңа басшылығы Кардиология ҒЗИ терапия институты ретінде қайта ұйымдастыру туралы мәселе көтерді. А.Ж.Рысмендиев осы «қате саясатқа» қарсы тұрып, кардиология институтын сақтап немесе Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты ретінде қайта ұйымдастыру қалу қажет екенін дәлелдеп шықты.

1997-1998 жж. – Халықаралық Жыл Адамы атағы берілді (Кембридж, Англия).

2000 жылы – «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер» медалі берілді.

2001 жылы – ҚР ДСМ институттың директоры қызметін 20 жыл бойы адал атқарған еңбегі үшін Бас ғылыми кеңесші лауазымына, кейіннен зейнеткерлік жастың толуына байланысты Кардиология институты клиникасының Бас кеңесшісіне ауыстырылды.

Джусипов Алихан Казахбаевич

2001- 2006 жж. – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының ғылым саласына еңбек сіңірген қайраткері.

КСРО МҒА БКҒО-ның А.Л. Мясников атындағы Кардиология ҒЗИ аспирантурасын бітірген, 1983 жылы кандидаттық диссертациясы қорғалды, ал 1992 жылы А.Л. Мясников атындағы Кардиология ҒЗИ докторлық диссертациясын қорғап шықты.

Изатуллаев Елдос Абдыкаликович

2009 - 2011 жж. - медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының ғылым саласына еңбек сіңірген қайраткері.

Бірлескен Диссертациялық кеңестің төрағасы, Республикалық терапевттер қоғамының төрағасы, ҚР нутрициологтары, гастроэнтерологтары мен эндоскописттері қауымдастығының төрағасы, Дүниежүзілік гастроэнтерологтар ұйымының мүшесі (WGO), Халықаралық гастроэнтерологиядағы эндоскописттер ұйымының (OMED) және бауыр ауруларын зерттеу жөніндегі Еуропалық қауымдастықтың (EASL).мүшесі болып табылады.

Беркинбаев Салим Фахатович

2011 жылдан бүгінгі күнге дейін «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» ЖШҚ МКК директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ғылым саласына еңбек сіңірген қайраткері.

ТМД Кардиологтары қауымдастығы Президиумының мүшесі болып табылады.

1973 – 1979 жж. – Ақтөбе Мемлекеттік медицина институтында оқыған.

1979 – 1980 жж. -  Ақтөбе облыстық клиникалық аурухана жанындағы интернатура.

1980 – 1983 жж. АММИ ОҒЗЗ лаборант дәрігер.

1983 – 1985 жж. -  Н.И.Пирогов атындағы Москва Мемлекеттік медицина институтының клиникалық ординатурасы

1985 – 1988 жж. - Н.И.Пирогов атындағы Москва Мемлекеттік медицина институтының аспирантурасы

1989 жылы кандидаттық диссертациясын қорғаған.

1989 – 1990 жж. Ақтөбе медицина институтының № ішкі аурулар кафедрасының ассистенті

1990 – 1993 жж. А.Н.Бакуллев атындағы жүрек-қантамыр хирургиясы орталығы жанындағы докторантураның күндізгі бөлімінде оқыған.

1994 жылы «Постинфарктные стенокардии: этиопатогеноз, клиническое течение, прогноз и тактика дифференцированного подхода к лечению» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

1993 – 1995 жж. А.Н.Бакуллев атындағы жүрек-қантамыр хирургиясы орталығы интервенциялық кардиология бөлімшесінің аға ғылыми қызметкері.

1995 – 2001 жж. Ақтөбе Мемлекеттік медицина академиясының терапия кафедрасының меңгерушісі

1999 – 2001 жж. – ғылыми-клиникалық жұмыс жөніндегі проректор қызметін атқарды.

2000 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталды.

2001 – 2003 жж. Астана қаласындағы Республикалық клиникалық аурухана директорының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

2003 – 2008 жж. М.Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясының ректоры.

2005 жылы «Парасат» орденімен марапатталды.

2007 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлерді кәсіподағының үздігіне» белгісімен марапатталды.

2007 жылы «Қазақстан Республикасының білім саласындағы құрметті қызметкер» төсбелгісін иеленді.

2007 жылы Ресей Федерациясының Ұлттық Қоғамдық наградалар комитетінің Ломоносов орденімен марапатталды.

2007 жылы Ақтөбе облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды. ҚР ДСМ «Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ» РМКК директоры

2009 – 2011 жж. «Жан» клиникасының бас дәрігері

Жоғары санатты кардиолог дәрігер, өзінің кәсіби деңгейін ұдайы арттырып отырады. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру мен әлеуметтік гигиена бойынша жоғары білікті дәрігер санатына ие. Астам ғылыми жұмыстарын жариялаған, 2 монографияның, 4 өнертабыстық еңбектің, 7 әдістемелік зерттемелердің авторы. Жетекшілік етуімен 8 ғылым кандидатын даярлаған.