ҚР ДСМ «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК аурухананы корпоративтік басқару, корпоративтік құрылымның тұрлі құрамдас бөліктері – басқару аппараты мен бейінді министрлік арасындағы құқықтар мен міндеттерді бөлу қағидаттары енгізілді. Аурухананы басқарудың копроративтік жүйесі институттың медициналық, ғылыми және қаржылық қызметтерін айқын бөледі. Мұндай тәсіл шешімдерді қабылдау алқалылық пен ашықтықты қамтамасыз етеді. Институтта қолданылатын корпоративтік басқарудың тиісті тәртібі капиталды тиімді пайдалануға, институттың басқару органдарының есептілігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Басқарудың осы тәсілі институттың қоғам игілігі үшін қызмет етуге көмектеседі.
ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-дағы корпоративтік басқаруды құру үлгісі корпоративтік басқарудың көпшілік мойындаған халықаралық қағидаттаирын енгізу мен бейімдеу арқылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мүддесін қамтамасыз етуге негізделген:
- басқару аппаратының құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, туындаған шиеленістер мен мүдделерді алдын ала реттеу мен шешудің басты әдісі ретінде корпоративтік басқару жүйесін пайдалану;
- мүдделі тұлғалардың заңмен белгіленген құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету және институттың дамуы үшін корпоративтік басқарудың барлық субъектілерінің серіктестігін қолдау;
- Институттың ақпараттық жариялылығын, қаржылық-шаруашылық қызметтің барлық маңызды мәселелері бойынша ақпараттың мерзімді және толық ашуды қамтамасыз ету. HR-менеджмент - корпоративтік басқару жүйесінің құрамдас бөлігінің бірі болып табылады.
ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Кадрлық саясатына сай, алға қоылған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін өзгермелі нарық талаптарына бейімделе алатын персоналды тиімді басқаруға, кадр әлеуетін нығайту мен дамытуға, еңбек өнімділігі жоғары және ұйымшыл ұжым құруға айрықша көңіл бөлінеді.
Біліктілікті арттырудың ұздіксіз және жүйелік сипаты, оқыту бағдарламасының инновациялық бағыттылығы, оқу бағдарламаларының ұйымның стратегиялық даму жоспарына толықтай сай болуы, біліктілікті арттыру курстарының жұмыс орнына барынша жуық болуы (маманның негізгі жұмыстан қол үзуін барынша азайту), әрбір қызметкерді жыл ағымында біліктілікті арттыру бойынша белгіленген көлемде іс-шараға қатысуын міндеттейтін жинақтаушы жүйе, институтта тәлімгерлікті кеңінен енгізу Институт қызметкерлерін үздіксіз дамытудың негізгі қағидаттары болып табылады.