29 қыркүйекте Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Нұр Отан партиясының қатысуымен Дүниежүзілік жүрек күніне арналған ашық есіктер күні өтті. Институттың консультациялық-диагностикалық орталығының қызметкерлері  жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар 32 науқасқа тегін кеңес беріп, ЭКГ түсірді. Науқастарға тиісті ұсыныстар мен қорытындылар берді.