Қант диабеті – адамдардың мүгедектігі мен қайтыс болуына әкеліп тірейтін әлемдік медициналық-әлеуметтік проблемалардың бірі. Бүгінгі күні әртүрлі дереккөздер мәліметі бойынша қант диабетімен ауыратын адамдың жалпы саны бүкіл планетаның 7% құрайды. Осыдан қант диабетінің профилактикасы ұсыныс емес, қатаң қажеттілік екені анық.   

14 қарашада Дүниежүзілік қант диабетімен күрес (WorldDiabetesDay) күні аталып өтеді. Осы іс-шара аясында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ 2017 жылғы 22 қарашада ашық есіктер күні өткізіліп, тұрғындарды 2 типті қант диабетіне скрининг жүргізілді. 

Барлық тексерушілердің глюкоза, жалпы холестерин мен қан триглицеридтері деңгейі, 2 типті қант диабетінің даму қаупі, дене салмағы индексінің есебі, дене салмағы өлшенді. 

Тексерілгендердің жалпы саны - 74 адам, олардың ішінде 18 (24,3%) ер адам және 56 (75,7%) әйелдер. Скрининг нәтижелері  мынадай: тексерілгендердің 6,7%  гликемия 5,6 ммоль/л жоғары. 5,2 ммоль/л астам холестериннің жоғары деңгейі респонденттердің 10,1% анықталған. Артық салмағы бар тұлғаларды (ИМТ ≥25,0 кг/м2)51,4% ; сонымен бірге семіздік деңгейі (ИМТ≥30,0 кг/м2) –27%құрады. Бұл мәліметтер әлемдік деректермен салыстырылады. 

Сонымен бірге, скрининг нәтижелері бойынша 2 типті қант диабетінің даму қаупінің деңгейі емханаға келген пациенттердің әрбір екіншісінде бар екені анықталды. Бұл жағдайдағы ең басты мақсат - диабеттің дамуына жол бермеу.