2017 жылдың 5 қазанында Білім беру сапасын қамтамасыздандыру жөніндегі Тәуелсіз қазақстандық агенттігінің (ББСҚТҚА) ұйымдастыруымен «Студентке орталықтандырылған оқыту, білім беру және бағалау: принциптері мен технологиялары» атты оқыту семинары өткізілді.Семинарға 115 адам қатысты, соның ішінде 12 ғылыми-зерттеу институттары бар, біздің ЖОО кейінгі және қосымша білім беру департаментінің қызметкерлері атаулы семинарға білім алмасуға барды.

Семинардағы дәрістерді жүргізген модераторлардың қатарында Сулушаш Керимкулова, Дуйшон Шаматов сынды Назарбаев Университеті Жоғары білім мектебінің профессорлары, жоғары білім беру саласының халықаралық сарапшысы Лукас Бишоф (Германия), стратегиялық менеджмент және жобаларды басқарусаласының сарапшысы Альбина Салимбаева (Алматы менеджмент университеті)болды. Семинарда «Студентке орталықтандырылған оқыту, білім беру және бағалау: негізгі принциптері, өлшемдері, шарттары», «Студентке орталықтандырылған оқытуды Еуропаның жоғары білім беруінде жүзеге асыру», «Студентке орталықтандырылған оқыту, білім беру және бағалау жүйесіндегі интеравктивтік технологиялардың мүмкіндіктері» және т.б. тақырыптар талқыланды.

Заманауи талаптар бойынша Болон үрдісінің негізінде жоғары білім беру жүйесін, яки, оқытудың ашық түрде жүргізілуіне жағдай жасау қажеттілігі туындады. Алғашқы тарапқа студенттің өзі қойылады. Жоғар оқу орындары, академиялық қызмет көрсету мекемелері студенттің жетілуіне барлық жағдай жасайды, білім алу жолында саналы түрде бағыттап, баулып, көмек көрсетіледі. Студенттің өз бетімен оқуға талпынуын үгіттеп, оқу бағдарламаларын дайындауда үлес қосады.

Студентке орталықтандырылған білім беру бірінші Болон декларациясынан бұрын 1999 жылдың 19 маусымынан бастап зерттеліп, талданды.Жоғары оқу орнына деген педагогикалық көзқарас қалыптаса бастады. Студенттік өзін өзі оқыту жүйесісегіз бағыт бойынша жұмыс істейді: нақты мақсат қою, мақсатқа жету жолында тиімді стратегияларды ойластыру, іс-шаралардың нәтижесі, мониторингі, оқу аясын қалыптастыру, уақытты тиімді қолдану, қолданған іс-шараларды бағалау, болған оқиғалар негізінде себеп-салдарын анықтау және саралау, енгізілген тәсілдерге үйрену.