ҚР денсаулық сақтау ұйымдары арасында өткен «Мәңгілік ел: Қазақстанның кемел болашығы» ІІ республикалық байқаудың басты мақсаты латын қарпіне өту кезеңінде мемлекеттік тілді дамытудың өзекті мәселелері болып табылды.

ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының қолдауымен ҚР денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, ғалымдар мен дәрігерлер мемлекеттік тілді оқытуды жетілдіру тетіктері талқыланған дөңгелек үстел өткізу үшін мемлекеттік қызметтердің көптеген салаларының белгілі қайраткерлері шақырылды:

  1. Роллан Шакенович Сейсенбаев - танымал жазушы, аудармашы драматург, Қазақстанның қоғамдық-саси қайраткері, Лондондағы Абай үйін (1995), «Халықаралық Абай клубын» (2000), «Аманат» халықаралық әдеби журналды ұйымдастырушы. Ол көпшілікке мемлекеттік тілдің қоғам мен әрбір азаматтың күнделікті өміріндегі функционалдық-коммуникативтік рөлін арттыру қажеттігі туралы тілек білдірді. Роллан Сейсенбаев казақ жазушыларының әдеби шығармаларын халықаралық тілдерге аудару кезінде кездесетін өзекті мәселелерге тоқталды. Ол әрбір азаматты еліміздің мәдени-әдеби мұрасына үлес қосуға шақырды.
  2. Алдангорова Айжан Ануарбековна – ҚР ДСМ Мемлекеттік тілді дамыту департаментінің бас сарапшысы. Ол денсаулық сақтау ұйымдарындағы мемлекеттік тілдің ахуалы туралы, Мемлекеттік ьілде білім беру қызметтерінің сапасын арттыру туралы мәселелерді қозғады.
  3. Гульшарат Есеткызы – ҚР «Намыс» орденінің иегері, еңбек сіңірген педагог. «Мемлекеттік тілдің келешек ұрпақты тәрбиелеуде атқаратын рөлі» тақырыбында баяндама жасады.
  4. Асылы Осман – «Парасат» орденінің иегері, ҚРХалықтар достастығы ассамблесының мүшесі. Ол ҚР Президентінің тіл саясаты саласындағы бастамасын қолдауға шақырды.

Іс-шараның екінші бөлімі байқауды қорытындылау мен жеңімпаздарға наградалар ұсыну салтанатынан тұрды. Награда ұсыну рәсімі 10 номинациядан құралды: денсаулық сақтау үздік басқарушы және үздік ұйымдастырушы; мемлекеттік тілдің үздік оқытушысы мен маманы, үздік сайт және т.б.

Сонымен қатар іс-шара барысында сөз сөйлеген тұлғалар:
1. «Мәңгілік ел: Қазақстанның кемел болашығы» ІІ республикалық бақауды ашу рәсімі- Институттың директоры С.Ф. Беркинбаев
2. Кардиологи және ішкі аурулар ҒЗИ директорының орынбасары К.Н.Мадалиевтің баяндамасы: «Зиялылар мен медицина қызметкерлерінің мемлекеттік тілді дамытудағы белсенділігін арттыру туралы».

  1. Ұлы Отан соғысынң ардагерлері мен мүгедектерінің Орталық клиникалық госпиталінің директоры Адилхан Амирбекович Абдуллиннің баяндамасы. Ол басшы ретінде өзінің кәсіпорнында мемлекеттік тілді дамыту тәжірибесімен бөлісті.
  2. ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ өзге ұлт өкілдерін құрайтын дәрігерлердің өз өміріндегі қазақ халқы мен қазақ тілінің алатын орны туралы пікірлері: Султанов Энвер Шарабутдинович (балкар) , Анаятова Захирям Курмонжоновна (ұйғыр), Караев Уруч Суманиевич (түрік)
    5. С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттерінің баяндамалары.