2017 жылғы қазан айында өздерінің кәсіптік борыштарын өтеу кезінде авиа апаттан қайтыс болған Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ реаниматолог дәрігері Жәнібек Артықбаев пен Акушерия, гинекология және перинатология ҒО акушер-гинеколог дәрігер Талғат Патсаев ҚР Тәуелсіздігі күнінен орай «Құрмет» ордендерімен марапатталды.

ҚР ДСМ министрі Елжан Біртанов ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыста профессор Жәнібек Артықбаевтың ұлы мен профессор Талғат Патсаевтың жесіріне орденді ұсынды.

Екі талантты дәрігерлердің туыстарына мемлекеттік наградаларды ұсына отырып, Е.Біртанов: «Қай кезеңде де адам денсаулығын қорғау ісіндегі адамдар ерекше құрметке ие болған. Медицина қызметкерлерінің еңбегі жан-тәнімен берілуді, аяныш білдіру мен адамға тиесілі барлық қасиеттерді талап етеді. Мұндай қасиеттер өздерінің азаматтық және кәсіби борыштарын өтеу барысында қайғылы жағдайда қаза болған біздің ерлерімізге де тән болатын. Нағыз дәрігерлер Жәнібек Артықбаев пен Талғат Патсаевтың есімдері тек медицина қызметкерлері арасында ғана емес, өмірлер м ен денсаулықтарын сақтап қалған, ана болу бақытын сыйлаған мыңдаған отандастарымыздың есінде қалады. Олар өздері таңдаған кәсіптеріне адал болғанын және әріптестері мен қоршаған адамдары арасында беделді болғанын айтады. Өмірлерін күрт үзген қайғылы апат орын алмағанда, әлі де көптеген адамдардың денсаулығы үшін күресетін еді. Біз оларды мақтан тұтамыз және әрдайым жадымызда қалады», - деп сөзін қорытты.