ҚР Тәуелсіздігі күніне орай Денсаулық сақтау министрлігінің, ведомстволық мемлекеттік органдардың, аймақтардың медицина мекемелерінің қызметкерлері республиканың денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медалдерімен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен және Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарымен мараптаталды. Сонымен қатар ведомстволық наградалар: «ҚР «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілері, ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары ұсынылды.

Еліміздің басты мерекесі қарсаңында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов салтанатты жиналыста эндоскопия курсы бар гастроэнтерология және гепатология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор, гастроэнтерология және гепатология бөлімінің басшысы, Қазақ бауырды зерттеу ассоциациясының төрағасы, Еуропалық, Америкалық, Азия-Тынық мұхит бауырды зерттеу ассоциациясының мүшесі, Жапония гепатологтарының мүшесі, Қазақстан Республикасының жетекші гепатологы Александр Витальевич Нерсесовке «Ерен еңбегі үшін» медалін тарсырды.