ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ әкімшілігі Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының «№2 мамандандырылған сәбилер үйі» КММ барып, барлық балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Балаларға ойыншықтар, жеміс-жидектер тапсырылды. Балалар өздерінің өлеңдерін оқып, өнерлерімен қуантты. Институт қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.

Бас дәрігер Кожамкулова Латипа Камзаевна Сәбилер үйіндегі балаларды құттықтап келген ұжым мүшелеріне алғыс айтып, мұндай әлеуметтік жауапкершілік өсіп келе жатқан бүлдіршіндерге айрықша қажет екенін тоқталды. Осы арқылы олардың жылулық пен мейірімге бөленетінін айтты.

Алматы қ. №2 сәбилер үйінде 5 жасқа дейінгі 45 бала тәрбиеленіп келеді. Олардың басым бөлігінің (65%) денсаулығында ақаулары, негізінен орталық жүйке жүйесінің аурулары бар екенін белгілі болды.