8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай ҚР ДСМ Кардиологи және ішкі аурулар ҒЗИ мәжіліс залында салнататты шара ұйымдастырылды. Мерекелік шараны ҚР ДСМ КжӘА ҒЗИ директоры С.Ф. Беркинбаев ашып, құттықтау сөздерін жолдады.

Институттың нәзік жанды қызметкерлеріне әкімшілік және клиникалық бөлімшелердің ер-азаматтары өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Жақсы көңіл-күй сыйлау үшін ұжымның талантты қызметкерлері концерттік бағдарлама әзірлеп, өнерлерін көрсетті.