2018 жылғы 24 сәуірде Халықаралық диабет федерациясының президенті, профессор Nam H. Cho (Оңтүстік Корея) Қазақстан Республикасына екі күндік жұмыс сапарымен келді.

Іссапар мақсаты: қант диабетінің таралуы мен анықталуы, пациенттердің қамтамасыз етілуі мен оларды үйрету жағдаяттарымен танысу.

Профессор Nam H. Cho сапарының бірінші күнінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Е.Біртановпен кездесу болды. Кездесу барысында министр қант диабеті бар пациенттерді ерте анықтау, алдын алу, тиімді емдеу, өмір сүруді жақсарту және сапасын жетілдіру бойынша жоспарланған іс-шараларға тоқталып, ТМККК шеңберінде қант диабетін қаржыландыру сомасы соңғы 3 жылда екі есеге және үкіметтік емес ұйымдардың қолдау көрсететіне атап өтті.

2018 жылғы 25 сәуірде Институт базасында Халықаралық диабет федерациясының президенті, профессор Nam H. Cho төрағалығымен ғалымдардың, денсаулық сақтау ұйымдастырушыларының, эндокринолог дәрігерлердің, үкіметтік емес ұйымдардың, отандық тауар өндірушілердің қатысымен жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында диабетологияның табысы орташа мемлекеттерге тән: халықтық аталған сырқат туралы хабарының аз болуы, анықтау дәрежесінің төмендігі, диабет алды және қант диабетінің даму қаупі факторлары бар тұлғалар санынң өсуі, гестациялық диабеттің өсуі мен диабеті бар егже жастағы тұлғалар құрамының артуы сияқты проблемалық мәселелер талқыланды.

Федерация Президенті Қазақстанның диабетология проблемаларын шешудегі жетістіктері, қант диабеті бар науқастарға көмекті ұйымдастыру жүйесінің кәсіби тәсілдерін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Диабеттік ассоциациясы ХДФ қолдауымен диабетологиялық қызметті жетілдіру мәселелері бойынша алдағы серіктестік мен өзара әрекет ету туралы шешім қабылдады.