2018 жылғы 27 сәуірде халықаралық қатысумен профессор Асқар Шәкенұлы Сейсенбаевты еске алу ревматологиялық симпозиумы өтті.

Симпозиумды өткізу мақсаты – профессор А.Ш.Сейсенбаевтың отандық ревматологияға қосқан зор үлесін құрметпен еске алу және Қазақстан Республикасының ревматологиялық қызметін ары қарай дамыту жолдарын айқындау.

Құттықтау сөз сөйлегендер:

- С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры, м.ғ.д., профессор Т.С. Нургожин;

- Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ директорының клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары К.Н. Мадалиев;

- РМҒА академигі, профессор В.А.Насонова атындағы РҒЗИ  профессоры, м.ғ.д., АРР, LEAR президенті Е.Л. Насонов;

- РМҒА, РҒА академигі,профессор, м.ғ.д.,  И.И. Мечников атындағы СЗГМУ президенті В.И. Мазуров

Сонымен қатар, м.ғ.д., профессор  ChiefExecutiveOfficer/ «MedicalPartnersKoreaQazaqstan» ЖШС Басқарма тқрағасы Тогизбаев Г.А., профессор Dr.MinHeesuk, Оңтүстік Корея, Сеул қ., С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессоры, м.ғ.д. Б.Х. Хабижанов, СММУ дипломнан кейінгі білім беру кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Р.Л. Иванова, В.А.Насонова атындағы РҒЗИ «Гемореологиялық бұзылыстар тобының жүйелік ревматоидты аурулары» зертханасының жетекшісі Т.В. Попкова, м.ғ.д., РФ ФМБА рентгенология және УДЗ диагностика кафедрасының профессоры А.В. Смирнов және т.б. Ресей, Корея және Қазақстанның жетекші мамандары мен ғалымдары баяндама жасады.   

Симпозиумда Қазақстан Республикасында ревматологиялық қызметті халықаралық стандарттарға сәйкес ұйымдастыру мен созылмалы ревматоидты ауруларды басқарудың өзекті мселелері, ревматологияның бүгінгі күнгі жетістіктері пен перспективалары, ревматоидты артрит және спондилоартрит сияқты ревматоидты ауруларды емдеу мен диагностикасының инновациялық әдістері, ревматологияда гендік-инженерлік биологиялық терапияны қолдану мәселелері қаралды.

Сондай-ақ қазіргі кезде өзекті болып табылатын «орфандық аурулар» тақырыбына Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының профессоры, м.ғ.д. М.Н.Шарипова, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ №4 ішкі аурулар кафедрасының профессоры, м.ғ.к. О.В.Машкунова баяндамалар жасап, онда Хантер синдромы мен Фабри сырқату туралы қызықты ақпараттарды ұсынды. 

Симпозиумның соңында дәрігерлер арасында ревматологияның өзекті проблемалары туралы пікірталас өтті. Ресей мен Кореяның жетекші мамандары Қазақстандағы ревматология проблемаларын шешу, денсаулық сақтау жүйесінде ревматоидты сырқаттары бар пациенттерге көмек көрсетуді ұйымдастыру  жетістіктерін атап өтті.