2018 04 27 PHOTO 00000121

Ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Ішек ауруларын зерттеу жөніндегі қазақ ғылыми қоғамы.

 

Өткізілетін күні: 2018 ж. 18.05-19.05.

 

Форумның өткізілетін орны: Алматы қ., «Рахат Палас» қонақ үйі, Сатпаев к-сі., 29/6.

 

Мастер-класының өткізілетін орны: Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Алматы қ., Әйтеке би к-сі., 120, Қазақстан Республикасы.

 

2018 жылдың 18 мамырынан 19 мамырына дейін Алматы қаласында халықаралық деңгейдегі кең көлемді шара - «Ішектің қабынып ауруы бойынша II Ұлттық форум» өтеді. Бұл форум жас және орта жаста ерте мүгедектілікке әкелетін, ауыр аутоиммунды ауруларды (Крон ауруы және ойықжаралы колит) ерте диагностикалау және емдеудің мәселелері бойынша тәжірибемен алмасу мүмкіндігін ұсынады.

 

Ғылыми бағдарлама түрлі мамандықтағы практикалық дәрігерлерге (гастроэнтерологтар, эндоскопистер, хирургтар, онкологтар) осы аурулардың менеджментіне арналған заманауи тәсілдермен танысуға жағдай жасайды.

 

Форумның бағдарламасы білім беру блогы шеңберінде мына мәселелерді талқылауды қарастырады:

 

  • Қазақстанда тұңғыш рет енгізіліп отырған эндоскопиялық зерттеулердің алдыңғы қатарлы әдістерін қоса, жуан ішек пен жіңішке ішектің патологиясын диагностикалау;
  • Ішектің қабынып ауруларын (ІҚА) емдеудің қазіргі заманғы әдістері, ІҚА бар күрделі пациенттер менеджментінің мәселелері;
  • ІҚА бар науқастарды даралап емдеудің қағидалары;
  • медициналық көмекті ұйымдастырудың мәселелері, мамандандырылған медициналық көмекті көрсетуде өзара әрекет жасау, пациенттік ұйымдармен байланыс;
  • эндоскопиялық зерттеулерге дайындау бойынша мастер-класс.

Форумның бағдарламасында шетелдік және отандық ғалымдардың өз зерттеулері туралы баяндамалары жоспарланып отыр.

 

Форумның жұмысына отандық және халықаралық сарапшылар тартылып отыр. Пленарлық отырысқа «ІҚА бар тұлғаларға көмек көрсету және қолдау» пациенттік ұйымының өкілдері қатысады.

 

Форум жұмысының қорытындысы бойынша қарар қабылданатын болады. Қарарда ішек ауруы бар пациенттерді клиникалық емдеп қарау бойынша негізгі ережелерді көрсету жоспарланып отыр, сонымен қатар ҚР гастроэнтерологиялық қызметті жетілдіру жөніндегі ұсынымдар ескерілетін болады.

 

Форум туралы толық ақпарат пен бағдарлама – www.kasl.kz. сайтында.

 

Ұйымдастыру комитетімен байланысу:

e-mail: info@kasl.kz

сайттар: www.kasl.kz и www.ncvb.kz

тел.: 233-01-42, 233-00-26

ұялы тел.: 8-747-973-90-89