2018 жылғы 18 мамырда ішектің қабыну аурулары бойынша ІІ ұлттық форумның жұмысы басталды. Форумды КжІА ҒЗИ директоры, м.ғ.д., профессор Беркинбаев С.Ф., Алматы қ. ДСБ басшысының орынбасары Н.А. Исабеков ашып, сөз сөйледі.

Ғылыми бағдарлама әртүрлі мамандықтағы дәрігерлерге (гастроэнтерологтар, эндоскописттер, хирургтар мен педиатрлар) әлеуметтік маңызы бар аурулардың осы санатын жүргізудің заманауи тәсілдерімен танысуға, өз тәжірибесін салааралық тәсілдердің жаңа аспектілерімен бейтараптауға мүмкіндік беретін ғылыми бағдарлама таныстырылды.

Форумның бағдарламасында келесі мәселелерді талқылау аясындағы оқу блогы көзделген.

  • ашішек пен тоқішек патологиясының диагностикасы, сонымен бірге, Қазақстанда алғаш енгізілетін эндоскопиялық зерттеулердің озық әдістері;
  • ішектің қабыну аурулары терапиясының (ІҚА) заманауи тәсілдері, ІҚА бар күрделі пациенттердің менеджменті мәселелері;
  • жара колиті мен Крон ауруын қарау тәсілінің дербестендірілген қағидаттары;
  • медициналық көмекті ұйымдастыру, мамандандырылған медициналық көмек көрсетудегі салааралық өзара әрекет ету, пациенттің ұымдармен қарым-қатынас мәселелері;
  • эндоскопиялық зерттеуге дайындау бойынша шеберлік-сабақ.

Форумның жұмысына отандық және халықаралық жетекші сарапшылар қатыстырылды. Пленарлық отырысқа «ІҚА бар тұлғаларға көмек және қолдау» ҚҚ пациенттік ұйымының өкілдері қатысты. Форум жұмысының қорытындылары бойынша ішек аурулары бар пациенттерді клиникалық қарау бойынша негізгі қағидаларды қамтитын резолюция қабылданып, ҚР гатроэнтерологиялық қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар ескерілетін болады.