Елбас Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында денсаулық сақтаудағы басты басымдық ретінде бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (бұдан әрі - БМСК) және бастапқы деңгейде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру бағыттарының маңыздылығын атап өтті.

 

Ақтөбе денсаулық сақтау жүйесі әлемдік озық тәжірибені басшылыққа ала отырып жаңғыртылуда. Аймақтың азаматтарының денсаулығын жақсартуға бағытталған бағыттардың бірі Ауруды басқару бағдарламасында (АББ).

 

Осыған орай, 21 мамырда №3 қалалық емхана базасында облыстың осыған дейін АББ бағдарламасның пилоттық жүйесіне қатыспаған басқа емханаларының мамандарын оқыту басталды. Осыған байланысты облысымызға Ауруларды басқару бағдарламасының ҚР бойынша Ұлттық үйлестірушісі Р.К.Жарылқасынова бастаған Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының бір топ мамандар іс-сапармен келді.

 

АББ 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының «Денсаулы» денсаулық сақтауды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. АББ-ны енгізу медициналық көмекке алдын алу, көп бейінді және жүйелік тәсілге негізделген.

 

Ауруларды басқару (өзін-өзі басқару) - созылмалы аурулары бар адамның симптомдарды, емдеуді, физикалық және әлеуметтік салдарларын, өмір сүру деңгейінің өзгеруін шиеленістің, асқынулардың, стационарлық және шұғыл медициналық көмекке қажеттілігін азайту үшін өзгерту мүмкіндігі.

 

Созылмалы ауруларды емдеу бағдарламасына медицина қызметкерлері немесе мультипрофильдік топ деп аталатын дәрігерлер, медбикелер, салауатты өмір салты мамандары, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер және басқалар, созылмалы ауруы бар адам, отбасы мүшелері, достар, әріптестер, көршілер, сол аурулары бар науқастар және басқалар, сондай-ақ, адамның өзі анықтайтын қолдау түрлері қатыса алады.

 

Бағдарлама пациенттерге медицина қызметкерлерімен бірге өз ауруларын бақылауға және көп профильді топпен үнемі байланыста болу арқылы асқынуларды болдырмауға мүмкіндік береді.