Сізге құрмет сезімімізді жолдай отырып, «Аллергология және иммунология: жетістіктері мен дамуы» атты халықаралық қатысумен ІІ республикалық ғылыми-практикалық конференцияның өткізілетіндігі туралы хабарлаймыз.

Конференцияның ұйымдастырушылары – «Аллергологтар, иммунологтар және иммундық реабилитологтар», КІА ҒЗИ, ҚазҰМУ және ҚММУ. Конференцияның ұйымдастыру комитетін Алматы қаласының бас аллергологы басқарады. Конференцияның өту күндері – 1-2 қарашада Алматыда, 3 қарашада –Қарағанды қаласында.

Қазіргі әлемде аллергология аурулары – ең көп таралған, өмірге, денсаулыққа және еңбек ету қабілетіне қауіп төндіретін күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Бұл - халық санының өсуі, өмір сүру жасының ұзаруы, бала туу санының артуына байланысты Алматыда ерекше мәнге ие болып отыр. Өкінішке орай, аллерголог дәрігерлердің саны әлі де жеткіліксіз. Бірақ оған қарамастан, Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесінде заманауи және тиімді көмек көрсетудің барлық мүмкіншіліктері бар. Конференция осы мәселелердің бәріне арналады.  

Конференция тақырыбы инновациялық болып табылады және тәжірибелік денсаулық сақтауға бағытталған. Конференцияда Италия, Литва, Ресей, Украина және Өзбекстанның жетекші ғалымдары мен практик мамандары, сонымен қатар отандық аллерголог, иммунолог, пульмонолог, фтизиатор, терапевт, дерматовенеролог, эпидемиолог және инфекционист мамандар да баяндама жасайды.

ҚР-ғы медицина саласын, пациенттерді емдеу әдістерін жақсартуға септігін тигізетін ең озық ақпарат ұсынылады.

Конференция шеңберінде шеберлік кластар өткізіледі:

  1. «Тыныс алу органдарына функционалдық зерттеу жүргізу және ингаляция препараттарын жеткізудің заманауи техноло-гиялары»;
  2. «Дәрілік заттарға жоғары сезімталдық. Күнделікті тәжірибедегі in vitro және in vivo арнайы аллергодиагностикасы»;
  3. «Аллергендік арнайы иммундық терапия».

Бюджеттік ұйымдардың қатысуы тегін болады.

Осыған байланысты, Сізден сұраймыз:

Нысаналы аудиторияның (аллергологтар, иммунологтар, вакцинологтар, терапевтер, ЖПД-і, педиатрлар, денсаулық сақтау саласындағы ұйымдастырушылар) келуін қамтамасыз ету мақсатында аймақтық денсаулық сақтау басқармаларына қайталап хабар беруді.

Конференция өткізу орны:

Алматы қ., «Достық» қонақ үйі, Құрманғазы к-сі, 36, «Алатау» залы.

Қарағанды қ., Қарағанды Мемлекеттік медицина университеті, Гоголь к-сі, 40, конференц зал.

Тіркеудің басталуы – 1 қараша, сағат 8.00

Конференция бағдарламасы жүктеу