ҚР ДСМ «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК

 

Мекенжайы: 050000 Алматы қ., Әйтеке би к-сі.,120, тел. (8-727)-233-00-23

Кәсіпорынның негізгі қызметі ғылыми зерттеулерді орындау, жоғары мамандандырылған, мамандандырылған, стационарды алмастырушы және амбулаторлық-емханалық медициналық көмек көрсету, білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады.

 

ҚР ДСМ КІА ҒЗИ ШЖҚ РМК Ішкі аудит қызметінің келесідей бос қызмет орындарына конкурс жариялайды:

  1. Ішкі аудит қызметінің басшысы
  2. Ішкі аудит қызметінің клиникалық аудиторы.

Конкурсқа қатысуға өтінім беру ҚР ДСМ «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің бос қызмет лауазымына конкурс өткізу ережелері мен ҚР ДСМ «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК ішкі аудит қызметі туралы қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Ішкі аудит қызметінің басшысы келесідей талаптарға сәйкес келуі тиіс:

1) жоғары кәсіби (қаржы-экономикалық) білімі;

2) аудит, және/немесе бухгалтерлік есеп, және/немесе қаржы саласында еңбек ету тәжірибесі – 5 жылдан кем болмауы;

3) басшылық лауазымында еңбек ету тәжірибесі – кемінде бес жыл;

4) ішкі аудиттің қаржылықесептіліктіңхалықаралықстандарттары мен Ішкі аудиторлар институты әзірлеген Ішкі аудиттің халықаралық қаржылық кәсіби стандарттарын (The Institute of Internal Auditors Inc);

5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп, салық салу мәселелері бойынша білімінің болуы;

6) келесідей куәліктер немесе сертификаттардың бірінің болуы:

Ішкі аудит саласындағы сертификат CIA (Certified Internal Auditor); аудитордың біліктілік куәлігі немесе машықтанғанбухгалтердің сертификаты АССА (Association of Certified Chartered Accountants), немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіби бухгалтердің сертификаты, немесе DipIFR (Diploma in International Financial Reporting) дипломы, немесе халықаралық кәсіби бухгалтердің сертификаты CIPA (Certified International Professional Accountant); CISA (Certified information systems auditor) сертификаты немесе CISM (Certified information security manager), немесе ITIL (Information technology infrastructure library); өзге осындай халықаралық-танылған куәлік немесе сертификат;

7) мемлекеттік тілді және шетел тілін білгені дұрыс.

Ішкі аудит қызметінің клиникалық аудиторы төмендегі талаптарға сай болуы тиіс, атап айтқанда:

  • Жоғары медициналық білімінің болуы;
  • Мемлекеттік денсаулық сақтау органдарында (медициналық көмек көрсету саласы бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау органдарында) және/немесе медициналық оқу орындарында және/немесе республикалық медициналық ұйымдарда клиникалық жұмыс бойынша еңбек еткен жұмыс тәжірибесінің – бес жылдан кем емес болуы;
  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу, оның ішінде денсаулық сақтау саласы бойынша;
  • Медициналық қызметтердің сапасын бақылау бойынша сертификаты -ның болуы;
  • Клиникалық мамандық бойынша медицина ғылымдарының кандидаты және/немесе докторы деген ғылыми атағының болуы артықшылыққа ие;
  • Заңгерлік және/немесе экономикалық екінші білімінің болуы артықшылыққа ие;
  • Медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласы бойынша білікті-

лігі туралы және/немесе тәуелсіз сарапшының аккредитациясы туралы куәлігінің болуы артықшылыққа ие ;

Конкурса қатысуға тілек білдірген тұлға құжаттарды қабылдаудың хабарламада көрсетілген мерзімінде, Кәсіпорынға қолма қол немесе поштамен мына құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы қосымша берілген құжаттардың тізбесі көрсетілген өтінішті;

2) жеке тұлғаны куәләндіруші құжаттың;

3) кадрларды есепке алудың толтырылған жеке парағын (нақты тұрғын мекенжайы мен байланысу телефондары көрсетілген);

4) лауазымдық біліктілікке қойылатын талаптарға сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарындағы алғашқы медициналық құжатнама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулығының жай-күйі туралы анықтаманы;

7) сыйбайлас-жемқорлыққа байланысты қылмыс жасаушылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы.

Құжаттарды қабылдау, мына мекенжай бойынша жүргізіледі: Алматы қ., Әйтеке би к-сі 120, 2018 жылғы 02 сәуірде сағат 11.00-ге дейін,105 бөлме.

Конкурс өткізу күні: 218 жылғы 02 сәуір сағат 15.00-де.

Өткізу орны: 050000 Алматы қ., Әйтеке би к-сі 120, 2 қабат, көгілдір зал.

Анықтама телефоны: (8-727)-233-00-23