Физиотерапия (грек. - «табиғи емдеу») – бұл 20 астам "физикалық" факторларға негізделген емдік шаралар мен әдістемелер кешені. Медицинаның осы бағыты адам өркениетінің түп-тамырынан бастау алады.

Физиотерапия не үшін қажет?

Физиотерапияның басты мақсаты - адамды емделу үдерісі кезінде және емделуден кейін қалпына келтіру. 

 

Glavn1

 

Физиотерапиялық шаралар көмегі арқылы:

1. Адамның функционалдық жағдайы қалыпқа келеді;

2. Мидың қанмен толығуы жақсарады, сонымен бірге адамның ақыл-ой мүмкіндігі арта түседі; 

3. Зат алмасу үдерісі жақсарады;

4. Тірек-қозғалыс қызметін жақсарады;

5. Пациенттің эмоциялық және соматикалық жағдайы нығая түседі.

Физиотерапия әдістемелері басқа емдеу түрлерімен жеңіл үйлеседі. Кейде ол сырқатпен күресу кезінде шешуші рөлді атқарады.Сонымен қатар, физиотерапиялық емшаралар пациенттерге жағымды әсер береді. Оларды пайдалану жайлылық сезімін сыйлайды. уқалау түрлері, сауна, бассейн, гидромассаж, емдік денешынықтыру, медициналық ұйқы адам ағзасына өте пайдалы. 

Бөлімшеде кешенді емдеу түрлері қарастырылған, физиотерапия әдістері уқалау, емдік гимнасикамен үйлестірілген. Барлық кабинеттер қалпына келтірудің барлық түрлерін қолдануға мүмкіндік беретін заманауи қондырғылармен жабдықталған. Ғасырлардан келе жатқан медицина тәжірибесі заманауи медицина ғылымының соңғы жетістіктерімен тығыз үлестірілген жаңа ғылыми зерттемелер деңгейінде қолданылады. 

Бөлімшеде әрбір науқасты дербес емдеу қағидаты қолданылады, ал жүргізілетін кешенді емдеу қанда да аурулардың белілерін жоюға емес, осы аурулардың себептерін жоюға бағытталған. Осы факторларды сауатты пайдалану тікелей және жанама емдеу нәтижелеріне, пациенттің еңбекке қабілеттілігіне байланысты. 

Физиотерапия бөлімшесі - бұл клиниканың пациенттеріне көмек көрсету мақсаты біріктірген дәрігерлер, мейірбикелер мен нұсқаушылардан құрамы.

физиотерапия бөлімшесінің дәрігері - көп жылғы клиникалық тәжірибесі бар маман. Осы арқылы физиотерапия бөлімшесінің пациентіне емдеудің тиімді дербес жоспары ұсынылад. 

Бөлімшенің мүмкіндіктері тек клиниканың пациенттеріне ғана емес, басқа да медицина мекмелерінің емделушілеріне, сондай-ақ денсаулығын нығайтуға ықыласты азаматтарға медициналық қызмет түрлерін ұсынады. 

Физиотерапия бөлімшесінде келесі емдеу түрлері ұсынылад:

1. Төмен жиілікті электротерапия:

- Амплипульстерапия

- Диадинамотерапия (Бернар тоғы)

- Интерференц-терапия

- Электростимуляция

- Флюктуоризация

- Электр ұйқы

 

2. TENS

- Магнитотерапия

- УЖЖ электр өрісі терапиясы

- Микротолқынды терапия

- Дарсонваль

- Жарықпен емдеу(биоптрон-терапия)

- Лазерлік терапия

- Ультрадыбыстық терапия, фонофорез

- Аэрозольтерапия

- Декомпрессиялық-тракциялық терапия

- Уқалау

- Емдік денешынықтыру

 

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының физиотерапия бөлімшесінің дәрігерлер, меірбикелер мен нүһұсқаушылар ұжымы: 

Жоғар санатты реабилитолог, физиотерапевт дәрігер – Ибраева О.Ш.

ЕДШ реабилитолог дәрігері  – Баширова Г.Р.

Мейірбикелер – Мусаева Ж.К, Карагушинова Ш.Д., Такырова Б.Т.

Санитар – Алимкулова Д.Е.