Қалай емделуге болады?

Науқастарды қабылдау және кеңес беру әрбір жұмыс күндері сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Тексеру тіркеу орнында алдын ала жазылу бойынша консультациялық-диагностикалық орталықта жүргізіледі.

Тіркеу орнының жұмыс уақыты — сағат 8.00-ен 17.00-ге дейін (дүйсенбі - жұма).
Мекенжайы: Алматы қ.,Әйтеке-би көшесі, 120
Тел: +7 (727) 233- 00- 61, 267-68- 34   

                           

АҚЫЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ

Ақылы медициналық қызметтер Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға олардың мекенжайына қарамастан көрсетіледі.

Медициналық қызметтердің бағалары қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді;

Бағалар прейскуранты тіркеу орнындағы көрнекі ақпарат арқылы азаматтардың назарына ұсынылады;

Ақылы негізде медициналық көмек алған азаматтарға ұсынылады:

   - маман дәрігерлердің консультациялық қорытындысы;

   - азаматтардың талап етуі бойынша медициналық көмек көрсету шығыстары туралы ақпарат;

   - науқасты тексеру немесе емдеу мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда төленген сома мен нақты шығыстар арасындағы айырма науқасқа қайтарылады.

Ақылы медициналық қызметтер:
   - алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандары мен денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасынсыз орталықтың КДО мамандары қарағаннан кейін диагностика және емдеу шаралары кезінде;

   - шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға медициналық көмек көрсету кезінде;

   - азаматтарды жұмысқа тұру немесе оқуға түсу үшін медициналық тексеру кезінде;

   - науқастарды амбулатория жағдайында бақылау мен емдеу, қажет жағдайда 4 сағаттан 8 сағатқа дейін, яғни, күндізгі стационарлық бақылау жүргізілетін стационар алмастырушы медициналық көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады.

АУРУХАНАҒА ҚАЛАЙ ЖАТУҒА БОЛАДЫ?

ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІК КЕПІЛДІК БЕРІЛГЕН КӨЛЕМІ

Емделушілерді ауруханаға жатқызу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және мамандандырылған медициналық көмек (ММК) пен жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) көрсету үшін ақылы негізде жүзеге асырылады.

ТМККК шеңберінде ауруханаға жататын емделушілерге арналған ереже:

   - Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ауруханаға жату туралы мәселені шешу үшін пациент тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаға хабарласуы қажет;

   - ауруханаға дейінгі кезеңде пациент Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ талаптарына сай тексеруден өтуі тиіс.

ТМККК шеңберінде Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ауруханаға жататын пациенттерге арналған міндетті құжаттар мен ауруханаға дейінгі кезеңдегі зерттеулер тізбесі:

   - жеке басын растайтын құжат (жеке куәлік немесе паспорт);
   - стационарда бекітілген үлгідегі код және ауруханаға жататын уақыт көрсетілген жолдама (тиісті мекенжай боынша емханада беріледі).

   - амбулаториялық карта немесе науқастың сырқатнамасынан үзінді-көшірме;

   - Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ маманының көзбе-көз немесе сырттай берген тұжырымдамасы.

Зертханалық-аспаптық тексерулер:
   1. Қанның жалпы талдауы (10 күнге дейін жарамды)
   2. Несептің жалпы талдауы (10 күнге дейін жарамды)
   3. Қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, билирубин, АлТ, АсТ, глюкоза, креатинин, несепнәр, холестерин) (10 күнге дейін жарамды)
   4. Микрореакция (10 күнге дейін жарамды)
   5. Коагулограмма (фибриноген, ПТИ, протромбин уақыты) (10 күнге дейін жарамды)
   6. Ішек құртының ұрығына тексеруге нәжіс (10 күнге дейін жарамды)
   7. ЭКГ (10 күнге дейін жарамды)
   8. ЭхоКГ (3 айға дейін жарамды)
   9. Іш қуысы мен бүйрек ағзаларын УДЗ (3 айға дейін жарамды)
   10. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы немесе ФГ (қорытынды және суреті) (1 жылға дейінгі мерзімде түсірілген)
   11. Окулист маманның кеңесі (1 айға дейін жарамды)

Кез келген хирургиялық араласуды қажет ететін пациенттер үшін, қосымша құжаттар:
   1. Тексеру қорытындылары бар ЭФГДС (АІЖ эрозиялық-жара өзгерістері анықталған жағдайда емдеу және бақылау ЭФГДС жасалуы қажет) (1 айға дейін жарамды)

  1. АИТВ-ға ИФТ (3 айға дейін жарамды)
       3. «В», «С гепатиттерінің маркерлеріне ИФТ (1 айға дейін жарамды)
  2. Қанның тобын анықтау
    Ескертпе: жоғарыда көрсетілген тексерулер толық болмаған жағдайда науқасты ауруханаға жатқызудан бас тартылады.

Ақылы негізде стационарлық емделетін пациенттер қабылдау бөліміне хабарласа алады. Медициналық сақтандыруы бар тұлғалар сақтандыру компанияларының өкілдеріне абарласуы тиіс.


Байланыс ақпараты
мекенжай: Алматы қ., Әйтеке би көшесі, 120
Байланыс телефоны:
Қабылдау бөлімі: +7 (727) 279-76-64; 233-00-91(ақылы бөлімше)
Аға мейірбике: +7 (727) 233-00-86
Бөлімше меңгерушісі: +7 (727) 272-72-35.
Электрондық мекенжай:  ncvb-priem.pokoi@yandex.kz
Жұмыс тәртібі: күн сайын сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін.

Түскі үзіліс уақыты сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.