Айтжанова Жанат Аяновна

БӨЛІМШЕ МЕҢГЕРУШІСІ

 

Кардиолог дәрігер С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ "емдеу ісі" мамандығы бойынша бітірген. Бірінші біліктілік санатына ие. Медициналық жалпы өтілі - 15 жыл, мамандық бойынша еңбек өтілі - 10 жыл.

 

БАСТЫ ҚЫЗМЕТ БАҒЫТТАРЫ

Қабылдау бөлімшесінде пациенттерді ауруханаға жатқызу және алғашқы медициналық құжаттамаларды толтыру үшін тіркеуге алу, қабылдау және тексеру жұмыстары жүргізіледі. 

 

IMG 5887

 

ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМШЕСІ - орталыққа келіп түскен науқастарды тіркеуге алу, қабылдау, алғашқы тексеруден өткізу, антропометрия, санитариялық-гигиеналық тексеру мен білікті медициналық (шұғыл) көмек көрсетуге арналған бөлімше. 

Пациенттерді ауруханаға жатқызу ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) шеңберінде және ақылы негізде (науқастың өтініші бойынша) жүзеге асырылады.

 

IMG 5886

Емделушілер ТМККК шеңберінде жоспарлы тәртіп - МСАК мамандарының немесе "Ауруханаға жатқызу бюросы" порталы (электр.адрес - bg.eisz.kz) арқылы медицина ұйымдарының жолдамасы бойынша ММК (мамандандырылған медициналық көмек) немесе ЖТМҚ (жоғары технологиялық медициналық қызмет) көрсету үшін ауруханаға жатқызылады. 

МСАК ұйымдарынан ауруханаға жатқызу үшін жолданған пациенттерде нозологияларға сәйкес Ауруханаға дейінгі тексеру тізбесі болуы керек (пациенттерді жоспарлы түрде ауруханаға жатуға жолдаған барлық мед.ұйымдарда тізбе болуы тиіс).   

 

IMG 5881

 Пациенттерді қабылдау сағат 08:00-ден 16:00-ге дейін жүзеге асырылады. Науқастарды жоғары білікті мамандар мен кардиолог дәрігерлер қарағаннан кейін ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылданады. Медицина қызметкерлері қажетті құжаттарда ресімдеп, пациентті аурухана ішілік тәртіппен және бейінді бөлімшенің жұмысымен таныстырады.

 

IMG 5870

 

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Байланыс телефоны: +7 727 2-72-35, +7 727 233-00-86

Эл.пошта - ncvb-priem.pokoi@yandex.kz

 

АӘТ

ЛАУАЗЫМЫ

ТЕЛЕФОН (ЖҰМЫС)

EMAIL

Айтжанова Жанат Аяновна

Бөлімше меңгерушісі

272-72-35

 

Эюбова Дилара Байрамовна

Кардиолог дәрігер

279-76-64

 

Кенебаева Гульнара Мейманжановна

Терапевт дәрігер

279-76-64

 

Бекболатова Гаухар Жанабаевна

Кардиолог дәрігер

233-00-91