Консультациялық-диагностикалық орталық 1980 жылдан бастап Қазақстанның барлық  аймақтарынан келген күрделі патологиялар бар науқастарды қабылдайды. 

Институт қызметкерлері жоғары білікті мамандандырылған медициналық көмекті медициналық ғылымның соңғы жетістіктеріне бағытталған диагностика мен емдеу стандарттарына сәйкес көрсетеді. 

Орталық заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен жабдықталған. 

Дәрігерлердің кәсіптік деңгейі мен зерттеудің заманауи аспаптық әдістері патологияның дамуын ерте сатыда анықтауға, дер кезінде профилактикалық іс-шаралар мен ем жүргізуге және әрбір пациентті дербес қарауға мүмкіндік береді. 

2015 жылдан бері пациенттерді Алматы қ. мен Алматы облысы емханаларының жолдамасы негізінде амбулаториялық-емханалық (АЕК) бағдарлама боынша қабылдаймыз. Яғни, жүргізілген тексерулер мен кеңес берулер  мемлекет тарапынан төленеді. Жергілікті ұйыммен жасалған келісімге сай тұрғылықты мекенжай бойынша емханадан жолдама алу қажет. Біз пациенттерге дұрыс диагноз қою мен жоғары деңгейдегі мамандардың қажетті кеңесін алу бойынша көмек көрсетеміз. 

Көрсетілімдер болған жағдайда Кардиология мен ішкі аурулар институтына ауруханаға жату қарастырылған. 

2015 жылдан бері медициналық қызметтер тізбесі едәуір кеңейген.