Kakimzhanova B

 

Какимжанова Бибигуль Джамбуловна

БӨЛІМШЕ МЕҢГЕРУШІСІ

 Кардиолог дәрігер (маман сертификаты), медицина ғылымдарының кандидаты. Мамандық бойынша жұмыс өтілі -18 жыл, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Мемлекеттік медицина университетін "емдеу ісі" мамандығы бойынша бітірген. 1993-1995 жж. Кардиология ғылыми-зерттеу институты базасында клиникалық ординатурада оқыған. 

 БӨЛІМШЕНІҢ БАСТЫ КЛИНИКАЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ

Бөлімше жүректің ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуларымен үйлескен түрлі жүрек патологиясы бар пациенттердің диагностикасы мен еміне бейімделген. Бөлімшеде барлық медициналық көмек түрлері жолға қойылған: дәрі-дәрмектік терапия, емдеудің эндоваскулярлық (қантамыр ішілік) әдістерін (коронарлық күретамырлардың ангиопластикасы, радиожиілікті  аблацииаритмогендік аймақтар және т.б,) ,  электрлік кардиостимулятор әдістерін пайдалану. 

IMG 5042

 Аталмыш бөлімшеге Кардиология ғылыми бөлімінің басшысы медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, А.Т.Мусагалиева, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, бөлімнің аға ғылыми қызметкері, доцент А.Х.Исабекова жетекшілік етеді. 

IMG 5055

 

Бөлімшеде интервенциялық аритмология бойынша келесі араласу түрлері жүргізіледі: 

  1. Электрофизиологиялық зерттеу (ЭФЗ)
  2. Коронароангиография (КАГ) және КАГ + стент қою
  3. Эндоваскулярлық тесікті пайдалану арқылы жүрек бұлшықеттерін патологиялық жиі қоздыратын тіндердің аздаған бөлігін тілу немесе деструкциясы (РЖА- радиочастотная аблация немесе Криоаблация)
  4. Тұрақты элетрокардиостимуляторды енгізу, алғаш рет қою немесе ауыстыру
  5. Жалпы жүйеде бивентрикуллярлық дефибрилляторды (CRT-D) импланттау
  6. Автоматты кардиовертерді / дефибрилляторды импланттау немесе ауыстыру 
  7. Жалпы жүйеде дефибрилляторсыз бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды импланттау (CRT-P)

 

IMG 5071

 

Бөлімшенің дәрігерлері 

Реквава Роин Роинович - бқлімшенің бас кеңесшісі және жетекшісі, аритмология бөлімшесінің басшысы 

Паримбеков Асылхан Буркитбаевич - кардиохирург дәрігер, кардиологиядағы жұмыс өтілі – 8 жыл

Бимагамбетова Гульназ Сабитовна - кардиолог дәрігер, кардиологиядағы жұмыс өтілі – 5 жыл, КжІА ҒЗИ базасында резидентурада оқыған

Алимжанова Дилярам Алимжановна - кардиолог дәрігер, кардиологиядағы жұмыс өтілі – 3 года, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ базасында резидентурада оқыған

 

IMG 5072

 

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

 

ТАӘ ЛАУАЗЫМЫ ТЕЛЕФОН (ЖҰМЫС) EMAIL
Какимжанова Бибигуль Джамбуловна бөлімше меңгерушісі 2 33 00 61  
Реквава Роин Роинович бөлімше басшысы 2 33 00 61  
Паримбеков Асылхан Буркитбаевич кардиохирург  2 33 00 61  
Бимагамбетова Гульназ Сабитовна кардиолог 2 33 00 61  
Алимжанова Дилярам Алимжановна кардиолог 2 33 00 61