Медициналық мамандықтар бойынша резидентураның мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес, міндетті минимум шеңберінде игерілген құзыреттер мен денсаулық сақтау саласындағы білім беру мен ғылым ұымдары ұсынатын оқу жүктемесінің көлемінің деңгейі бақылау түрлерімен қамтамасыз етіледі.

Емтихан басталғанға дейінгі 6 ай ішінде бітіретін резиденттер тобына МҚА бағдарламасы беріледі. Ол үшін мемлекеттік аттестаттау комиссиясы құрылып, құрамы институт директорының бұйрығымен бекітіледі.

Оқу пәндері мен модульдері бойынша резидентура тыңдаушыларының оқу жетістіктерін бақылау мен бағалау білім алудың қорытынды нәтижелері мен меңгерілген құзыреттеріне бағдарланған. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау түрін ұйым белгіледі.  

Резидентураның оқу бағдарламасы боынша білім алған тұлғаларға тиісті мамандықтар бойынша дәрігер маманның біліктілігі тағайындалады және мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.

МҚА тапсыру әрбір саты бойынша жеке-дара өткізілетін Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының отырыстарында жүзеге асырылады. Емтихан екі сатыдан тұрады: жазбаша емтихан жұмысы мен ауызша емтихан.

1 кезең – жазбаша емтихан жұмысы. Әрбір резидент тапсырмалардың бір нұсқасын таңдайды, тапсырманы орындауға 4 академиялық сағаттан кем емес уақыт бөлінеді. Тапсырмалар жеке парақтарда жазбаша орындалады және қажет болғанда нормативтік құжаттарды қолдана отырып, белгіленген бланкілер мен емтиханда қолдануға рұқсат етілген көрнекілік құралдарында жүзеге асырылады.

2 кезең – ауызша емтихан. Әрбір резидент емтихан билетін алад. Билетке жауап беруге дайындық 1 академиялық сағатт құрайды, дайындық барысында резидент рұқсат етілген бланкілер мен заңнамалық материалды пайдаоана отырып, теориялық сұрақтарға жауап әзірледі. Жауап толық болмаған жағдайда комиссияның әрбір мүшесі оқылған пәннің кез келген бөлімі бойынша резидентке қосымша сұрақ қоюға құқылы.

Бағалау өлшемдері.

Баға емтиханның әрбір сатысына және жалпы қойылады. Жалпы қорытынды баға МАК алқалық жабық отырысында қойылады. Шешім қабылдау қарапайым дауысқа салу арқылы қабылданады, комиссия төрағасының дауысы басымдыққа ие болады. Бағалау кезінде келесі талаптар ескеріледі:

  1. Мамандық бойынша бітірушілердің дайындығының деңгейі мен минимум мазмұнына қойылатын мемлекеттік талаптарға сәйкес резиденттердің теориялық білімінің жалпы деңгейі;
  2. Резиденттің пәннің оқу бағдарламаларында көзделген материалды меңгеру деңгейі;
  3. Жауаптардың негізділігі, нақты және қысқаша баяндалуы.

Білім алушылардың жетістіктерін бағалаудың сандық эквивалентке сәйкес әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Сандық эквивалент балл

Пайыздық мәні

Балл

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

A

4

95-100

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

90-94

B+

3,33

86-89

86-89

жақсы

B

3,0

80-85

80-85

B-

2,67

75-79

75-79

C+

2,33

70-74

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

65-69

C-

1,67

60-64

60-64

Д+

1,33

55-59

55-59

Д

1,0

50-54

50-54

F

0

0-49

0-49

Қанағаттанғысыз

Мемлекеттік қорытынды аттестаттауға енгізілген аттестаттау сынақтарының кез келген түрінің нәтижесі «Өте жақсы», «Жақсы», «Қанағаттанарлық», «Қанағаттанғысыз» бағаларымен белгіленеді. Бағалар Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасында белгіленген тәртіпте ресімделгеннен кейін сол күнбе-күн жарияланады.