Ғылыми кеңес — оқу, ғылыми және клиникалық қызметті үйлестіру жөніндегі алқалы басқару нысандарының бірі.
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ ӨКІЛЕТТЕРІ
- Институттың жұмыс комиссиялары мен кеңестерінің құрамын, ережесін, оқу-әдістемелік құжаттарын, жұмыс жоспарларын, есептерін бекітеді.
- Ғылыми кадрларды даярлау жоспарларының жобаларын, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, кеңестер мен конференциялардың іске асыру жоспарларын қарастырады;
- Көрнекті ғылыми жұмыстарды, ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстарды Қазақстан Республикасының сыйлықтарына ұсынады;
- Ғалымдардың кандидатураларын ғылыми атақтар, марапаттарға ұсынады;
- Ғылыми кадрлардың аттестациялауын жүргізеді;
- Жарғыда көзделген Институт қызметінің негізгі бағыттарына қатысты басқа да мәселелерді қарайды.