Рентгенэндоваскулярлық хирургия - медицинадағы бұл бағыт адамның қан тамырларын ішінен әсер ету арқылы амал-тәсілдер жүргізуді білдіретін, пациенттердің өмір сүру сапасын едәуір арттыратын терапевтік операцияларды орындау арқылы диагностикалық амал-тәсілдерді жүргізу мүмкіндіктерін кеңейтуді қамтитын, операциядан кейінгі асқынулардың даму ықтималдығының төмендігі, тамыр ауруларын емдеудегі нәтижелілік, ең төмен жарақат алу және тез қалпына келтіру болып табылады.
Эндоваскулярлық хирургия – рентгеноперация жасау жағдайында ангиографиялық аппараттың бақылауымен орындалатын диагностикалық немесе емдік тамырішілік процедуралар кешені. Процедура барысында хирургиялық операцияны талап етпейтін барлық қажетті тәсіл-амалдарды орындау үшін теріге кішкентай укол арқылы арнайы катетер енгізіледі. Хирургиялық араласулар қауіпсіз рентген сәулесінің көмегімен бақыланады: тамыр ішіндегі манипуляциялар арнайы жабдықтың - ангиографтың экранында көрсетіледі.
Эндоваскулярлық хирургияның дәстүрлі алдындағы артықшылығы:
• Жеңіл жарақат. Тамырға араласу диаметрі екі-үш миллиметрлік теріге тесік жасау арқылы жүзеге асырылады. Бұл қанның ең аз жоғалтуын және операциядан кейінгі тыртықтар мен тігістің болмайтындығына кепілдік береді.
• Наркозды қолданумен болатын асқынулардың болмауы. Операциялар пациент үшін ауырсынусыз болады және жергілікті анестезиямен жасалады. Бұл көбіне наркозды пайдаланғаннан кейін жиі пайда болатын асқынулардан сақтайды.
• Жылдам оңалады. Әдеттегі өмір сүру салтына оралу бірнеше күн өткен соң болады. Операциялардың кей түрлері амбулаториялық жағдайда жүргізіледі.
• Эндоваскулярлық хирургияның асқынуы өте сирек кездеседі.
• Қарсы көрсеткіштері өте аз. Оларға контрастылы препараттарға айқын аллергияның болуы, қан ұюының бұзылуы, жіті бүйрек жеткіліксіздігі жатады.
Рентгенэндоваскулярлық хирургия бөлімшесі 35 төсектен тұрады, ол үш бағыт бойынша: кардиологиялық, кардиохирургиялық, ангиохирургиялық бөлімшелерден тұрады. Келесідей қызметтер көрсетіледі:
- Коронарография (оның ішінде абмулаторлық коронарография) жүрек артерияларының зақымдануы, жүректің ишемиялық ауруы кезінде және әрі қарай емдеуді таңдау (стенттеу, шунттау, дәрі-дәрмек терапиясы) және диагностикалау үшін қолданылады.
- Туа біткен және жүре пайда болған жүрек кемістігі кезіндегі ангиокардиография және ангиопульмонография.
- TAVI қолқа қақпақшасының транскатетерлік имплантациясы, жергілікті анестезиямен сан артериясы арқылы қол жеткізе отырып қолқа қақпақшасын күрделі стеноз (тарылу) кезінде ауыстыру.
- Қолқаны стенттеу – созылмалы қабаттануды, кеуде немесе құрсақтық қолқаны емдеу.
- Жүректің туа біткен кемістігі: ЖАДК, ҚАДК, ААТ кезінде окклюдерді импланттау;
- Миома кезінде жатыр артерияларының эмболизациясы - жатыр миомасын емдеудің заманауи тиімді тәсілі.
- Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясын эндоваскулярлық емдеу – хирургиялық емдеудің лайықты алмастырушысы болып табылады.
Бөлімше дәрігерлері:
Сахауева Айгуль Абирхановна, ұялы тел: 8 777 230 0988, эл почта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мамадалиев Ойбек, ұялы тел: 8 708 400 9293, эл почта: doctor_a_93@ mail.ru
Рыспекова Маржан Ордахановна, ұялы тел: 8 707 351 6980, эл почта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Сенкибаева Дания Талгатовна тел: ұялы тел: 8 775 515 6733.
Қызмектерлердің жұмыс телефоны: 8727-233-01-13 (ішкі 572)
Бөлімшенің аға мейіргері: Ілияс Сәния Қалыққызы
Аға мейіргердің жұмыс телефоны: 8727-233-01-12 (ішкі 552)