📅 Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ 2025 жылғы 30 маусымнан 12 шілдеге дейін біліктілікті арттыру циклінің өткізілетіні туралы хабарлайды.
тақырыбы: «Клиникалық эхокардиография».
✅ Циклдің ұзақтығы: 2 апта, 120 сағат.
✅ Оқу форматы – күндізгі оқу.
Цикл оқытушылары:
👩 ⚕ ️ м.ғ.д., профессор, 30 жылдан астам тәжірибесі бар ЭхоКГ диагностикасы саласындағы сарапшы, «Жүрек аурулары кезіндегі ЭхоКГ хаттамалары» оқу құралының авторы Уразалина Сауле Жаксылыковна.
✅ Осы циклда дәрігерлер кардиология саласындағы кәсіби қызметке қажетті ЭхоКГ диагностикасында өз дағдыларын игеріп, жетілдіре алады.
✅ Цикл аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға мемлекеттік үлгідегі құжат-біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі.
Осы білім беру бағдарламасына қатысты сұрақтарыңыз бойынша Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім департаментіне жүгіне аласыз: 📞📞: 8 727 2330068, 8 747 9346 598 — Гульсан Гайбирановна.