ХХІ ғасырда біз көптеген ауруларды «өткеннің ісі» деп қабылдауға дағдыланғанбыз. Қызылша, дифтерия, көкжөтел, полиомиелит — өткен тарих ретінде елестейді. Бірақ ол олай емес. Вакцинациясыз бұл инфекциялар қайта оралуы мүмкін. Жаппай иммундаудан бас тартқан елдер көптен бері жеңіліске ұшыраған аурулардың жаңа өршуіне тап болды.
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Республикалық аллергология орталығының басшысы Арай Батырбаеваның айтуынша, иммундау тек балаларға ғана қатысты емес. Бүгінгі таңда тәуекел аймағына ересектер, қарттар, созылмалы аурулары бар адамдар кіреді. COVID-19 қоғамда ұжымдық иммунитеті болмаса, денсаулық сақтау жүйесінің қаншалықты нәзік болатынын көрсетті. Вакцинация оны алған адамды ғана емес, медициналық себептермен екпе салдыра алмайтындарды да қорғайды.
Қазақстанда балалар мен ересектерге арналған міндетті және ұсынылған вакциналарды қамтитын Профилактикалық екпенің ұлттық күнтізбесі жұмыс істейді. Барлық егулер мемлекеттік медициналық мекемелерде тегін жүргізіледі.
Балаларға арналған вакцинация:
- Өмірінің 1–4 күні: БЦЖ (туберкулёз), ВГВ (гепатит B)
- 2 айлығында: АКДС (коклюш, дифтерия, сіреспе), ИПВ (полиомиелит), Хиб (гемофильдік инфекция), пневмококк инфекциясы
- 3 айлығында: қайталама АКДС, ИПВ, Хиб
- 4 айлығында: қайталама АКДС, ИПВ, Хиб, пневмококк инфекциясы
- 12–15 айлығында: ҚҚП (қызылша, қызамық, паротит), қайталама АКДС, ИПВ, пневмококк инфекциясы
- 18 айлығында: ревакцинация АКДС, ИПВ, Хиб
- 2 жаста: ВГА (гепатит A)
- 2,5 жаста: қайталама ВГА
- 6 жаста: БЦЖ, АКДС, ККП
- 11 жаста: қыздарға-АПВ-ға қарсы вакцинация (адам папилломасы вирусы)
- 16 жаста: АДС-М (дифтерия, сіреспе); әрі қарай-әр 10 жыл сайын
Ересектерге арналған вакцинация:
- Әр 10 жыл сайын: АДС-М
- Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша: тұмауға, ВГА, АПВ-ға қарсы вакцинация
2024 жылдан бастап күнтізбеге 11 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинация қосылды. Бұл жатыр мойны обырының алдын алудағы маңызды қадам, бұл әлемдегі әйелдер арасында ең көп таралған қатерлі ісік. Вакцинация 6 ай аралығымен екі дозада жүргізіледі.
Вакцинация — қауіпсіз әлемге қадам.