logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

🌟Кардиолог, терапевт, жалпы практика дәрігерлерінің, аритмолог, интервенциялық кардиолог және т.б. дәрігерлердің назарына. 🌟

🌟Кардиолог, терапевт, жалпы практика дәрігерлерінің, аритмолог, интервенциялық кардиолог және т.б. дәрігерлердің назарына. 🌟

🌐 Сіздерді 2025 жылдың 12-13 маусымында халықаралық қатысумен өтетін Түркі мемлекеттері кардиологтарының ІІ құрылтайына және Қазақстан кардиологтарының XVII конгресіне қатысуға шақырамыз.

Өткізу форматыгибридті (офлайн/онлайн).

📍Өтетін жеріТүркістан, Конгресс Холл, «Жана кала» ықшамауданы, 9-көше, 23 үй.

👩‍⚕️👩‍⚕️ Конгресс жұмысына Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түрікменстан, Беларусь, Ресей, Германия, Италия, Португалия және Австралиядан әлемнің жетекші кардиологиялық мектептері мен ғылыми-клиникалық орталықтарының өкілдері — 100-ден астам спикерлер мен сарапшылар қатысады.

Конгресс тақырыптары кардиологияның негізгі бағыттарын қамтиды:

✅жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау және емдеу бойынша жаңа халықаралық нұсқаулар,

✅артериялық гипертензия және метаболикалық синдром,

✅созылмалы жүрек жеткіліксіздігі,

✅атеросклероз,

✅жедел коронарлық синдромдар,

✅эхокардиография, кардиогенетика, аритмологиядағы инновациялар,

✅медицинадағы жасанды интеллект.

✅кардиоваскулярық фармакотерапия және т.б.

Бағдарлама:

✅ ғылыми симпозиумдар,

✅ халықаралық сессиялар,

✅ резиденттер мен мен жас ғалымдардың сайыстары,

✅ пәнаралық панельдік талқылаулар,

✅ сараптамалық форумдарды қамтиды.

 🌍🌍Онлайн трансляция https://cardio-assoc.kz платформасында тіркелген барлық қатысушылар үшін қолжетімді.

Құрметпен,

С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ,

Қардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты,

Қазақстан Республикасы кардиологтар қауымдастығы,

Қазақстандық жүрек жеткіліксіздігі мамандарының қоғамы,

Қазақстан атеросклероз қоғамы

Түркістан облысының әкімдігі.

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет