Сіздер қиындығы мол, бірақ абыройлы мамандықты таңдадыңыздар. Дәрігер мамандығы — жан-тәнімен беріліп жұмыс істеуді, жан-жақты терең білімді, жоғары біліктілікті талап етеді және адамзат өмірінің барлық кезеңдерінде қажет. Медицинада ең бастысы – біліктілік, құзыреттілік, жауапкершілік және адамдарға көмек көрсетуге деген ықыластың болуы.
Басқа адамдардың денсаулығына қамқорлық жасай отырып, өз денсаулықтарыңызды да ұмытпаңыздар! Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болып, мол табысқа жетулеріңізге тілектеспін! Халықтың ыстық ықыласына бөлене беріңіздер!
Ізгі тілекпен,
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма Төрағасы Марат Пашимов