https://kazgazeta.kz/news/161015
Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және бірқатар ресми тұлғалар қатысты.
Қазақстанда 544 мыңнан астам адам қант диабетімен ауырады, олардың 95%-ы – 2 типті.
Министрдің айтуынша, жаңа орталық заманауи диагностика мен емдеу әдістерін енгізіп, пациенттердің өмір сапасын арттырып, асқыну қаупін азайтады.
Орталық мамандандырылған көмекке қолжетімділікті арттырып, өңірлерге әдістемелік қолдау көрсететін үйлестіру алаңына айналады. Құрамында эндокринологтар, офтальмологтар, педиатрлар және басқа да мамандар бар.
Заманауи құрылғылармен жабдықталған орталықта пациенттерге диабетті басқару мен өзін-өзі бақылау үйретіледі.


