Құрметті әріптестер!
Бүгін, 25 қыркүйек күні Дүниежүзілік фармацевт күні аталып өтіледі. Бұл фармацевтика саласындағы мамандардың кәсіби мейрамы.
Фармацевттер дәрілік заттарды зерттеу және сапасын бақылауға қатысады, емделушілерге кеңес беріп, емді таңдауға көмектеседі, препараттардың дұрыс сақталуы мен қауіпсіз пайдаланылуын қадағалайды, халықтың медициналық сауаттылығын арттырады.
Сіздердің жұмыстарыңыз тиянақтылықты, нақтылықты, білімділікті, жоғары жауапкершілікті және төзімділікті талап етеді. Фармацевтика қызметкерінің адам денсаулығын сақтау мен нығайтудағы рөлі зор.
Құрметті фармацевтер, Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтап, зор денсаулық, қызметтеріңізге сәттілік пен абырой тілейміз! Бақытты күндеріңіз, қуанышты сәттеріңіз көп болсын!
Құрметпен,
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ұжымы