logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНДА БОЛДЫ

Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Тимур Сұлтанғазиев Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында болым, медициналық ұйымның қызметімен танысты. Жұмыс сапарын  ол жақында ғана институт базасында ашылған Республикалық эндокринология және диабет орталығынан бастады. Мұнда жоғары қауіп тобындағы науқастарға ерекше көңіл бөлінеді. Орталық бірегей заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. КІАҒЗИ ревматология, кардиология, гастроэнтерология, нефрология және басқа да бейіндер бойынша емделетін  науқастардың шамамен 30%-ы қосымша қант диабеті сырқатымен зардап шегеді.  Орталық мамандары диабеттік табан синдромы, диабеттік ретинопатия және т.б диабет асқынуларының алдын алу үшін кешенді диагностикалық зерттеулер жүргізеді.

Басқарма төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Жамиля Қайбуллаева клиникада көрсетілетін медициналық қызметтер, медициналық техникамен жабдықталу туралы баяндады.

Вице-министр қабылдау бөлімшесінде премиум-класты КТ аппараты бар сәулелік диагностика бөлімшесінде болды. Бұл жерде КТ-денситометрия және висцералды майды КТ бағалау жүргізіледі. Функционалды және ультрадыбыстық диагностика бөлімшесінде пациенттерді транскатетерлік имплантация мен клапандардың пластикасын жасауға іріктеуге мүмкіндік беретін арнайы хаттамалар енгізілген.

КІАҒЗИ мамандары Heart team жұмысы арқылы жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуді қалай іске асыратынын көрсетті. Кардиохирургтар жүрек және қан тамырларының декомпенсацияланған аурулары бар науқастарға V-VII санаттағы күрделі аралас операцияларды жасайды. Институтта Алматыда алғаш рет LVAD операциясы мен донорлық жүрек трансплантациясы жасалды, сонымен қатар, гипертрофиялық кардиомиопатияны хирургиялық емдеу, гибридті операциялар енгізілген. Интервенциялық кардиологтар жүрекке ашық операция жасауға қарсы көрсетілімі бар ауыр қолқа стенозы бар науқастарға жоғары технологиялық операцияларды сәтті жасауда.

Институтта кардиология және рентгенэндоваскулярлық хирургия бөлімшелері, СЖЖ және липидология кабинеттері, кардиологиялық оңалту, аритмия диагностикасы мен емдеу, кардиоинтервенциялық араласулар мамандар арасындағы өзара байланыс нәтижесінде Алматы қ., облыс және елдің оңтүстік, батыс өңірлерінен келген пациенттерге толыққанды диагностика мен емдеу жүргізіледі.

Эндоскопия мамандандырылған тренинг орталығы асқазан-ішек жолдары ауруларын жоғары дәлдікпен диагностикалауға ғана емес, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің эндоскопиялық бейіндегі мамандарын оқытуға мүмкіндік береді.

Клиникалық-диагностикалық зертхана сараптамалық деңгейдегі жабдықпен қамтылған және аллергиялық, аутоиммундық ауруларды анықтауда инновациялық зертханалық әдістерді жүйелі түрде енгізуде.

Вице-министр қант диабеті бойынша сабақ өткізіліп жатқан «Пациент мектебінде» болды, оқыту өмір салты, тамақтану және қауіп факторларын бақылау бойынша науқастардың хабардарлығын арттырудың маңыздылығын көрсетеді.

Телемедицина залында болған кезде Тимур Сламжанұлы аймақтармен қашықтан кеңес беру санына, соның ішінде соматикалық патологиясы бар жүкті әйелдерге көрсетілетін қызметтерге назар аударды.

Аралау соңында ол 9 білім беру бағдарламасы бойынша резиденттерді дайындаудың маңыздылығын атап өтіп, институт ұжымына атқарылған жұмыстар үшін алғысын білдірді және Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.

 

 

 

 

 

 

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет