Жетісу облысына жұмыс сапары аясында Республикалық ревматология орталығының басшысы, ҚР штаттан тыс бас ревматологы, профессор Ғалымжан Тоғызбаев Талдықорған қаласындағы Ревматологиялық орталықтың ашылу салтанатына қатысты. Бұл орталық «ҚР ревматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы №45 бұйрығына сәйкес құрылған.
Бұл ревматологиялық аурулары бар науқастарға мамандандырылған көмекті дамытудағы маңызды қадам. Ревматологиялық орталық — мамандандырылған көмектің қолжетімділігін, медициналық әлеуетті нығайту, өңірдің денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызды.
Орталық диагностика мен емдеудің озық әдістерін, соның ішінде ревматологиялық ауруларды бақылаудың заманауи тәсілдерін біріктіреді. Орталықтың негізгі компоненттеріне ревматологиялық бейіндегі төсектер, гендік-инженерлік биологиялық терапия кабинеті және ревматологтың амбулаториялық қабылдау және буын ішілік манипуляциялар кабинеті жатады.
Гендік-инженерлік биологиялық терапия кабинеті — ревматикалық ауруларды емдеудегі ең заманауи бағыттардың бірі. Бұл әдіс пациенттердің болжамы мен өмір сүру сапасын едәуір жақсарта отырып, аурудың дамуының молекулалық механизмдеріне әсер етуге мүмкіндік береді. Бұл ем терапияның стандартты схемасы тиісті әсер етпейтін, ауруды бақылауға, ремиссияға жетуге және пациенттердің өмір сүру ұзақтығын арттыруға мүмкіндік беретін жағдайларда қолданылады. Бұл терапияның сәттілігінің негізгі факторы — пациенттерді біліктілігі жеткілікті және ГИБТ қолдану тәжірибесі бар дәрігерлердің басқаруы.
Уақытылы диагноз қою және тиісті терапия асқынулардың алдын алуға және мүгедектік деңгейін төмендетуге көмектеседі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асқар Садықов пен Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының директоры Арман Жансенгіровтың қатысуымен өткен кеңесте ревматологиялық қызметтегі өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.