logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

12 қазан — Дүниежүзілік артритпен күрес күні

12 қазан — Дүниежүзілік артритпен күрес күні (WorldArthritis Day), бұл тірек-қимыл аппараты аурулары туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған жаһандық денсаулық сақтау іс-шарасы. ДДҰ мәліметтері бойынша, артритпен жер шарының әрбір оныншы тұрғынына зардап шегеді.    9 қазанда Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ  жыл сайын 12 қазанда аталатын Дүниежүзілік артритпен күрес күніне орай тірек-қимыл аппараты және аутоиммунды бұзылулары бар науқастарға арналған артрит мектебі өтті.

Іс-шара ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, профессор, м.ғ.к.,  жетекші консультант-ревматолог О.В. Машкунованың басшылығымен өтті.  Кездесуге ревматологиялық аурулары бар науқастар шақырылды. Осындай  науқастар үшін «Пациенттер мектебі» кешенді бақылаудың маңызды бөлігі екенін түсініп, ұйымдастырушылар бірнеше кезеңдерді қамтитын танымдық бағдарлама дайындады.  Резиденттер ең көп таралған буын аурулары — ревматоидты артрит, подагра және остеоартрит бойынша қол жетімді және практикалық материалдарды ұсынды.

Науқастарға дұрыс тамақтану принциптері, физикалық белсенділік пен салауатты өмір салтының маңыздылығы түсіндірілді.  Ауырсынуды басуға және буындардың қозғалғыштығын сақтауға көмектесетін жаттығулар көрсетілді.  Қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, қызықты тақырыптар бойынша түсініктемелер алды. Іс-шара соңында профессор О.В. Машкунова сөз сөйледі, ол ревматологиялық аурулардың таралуының өсуін, сондай-ақ ревматолог-дәрігерге ерте жүгінудің, уақытылы диагностикалаудың және дұрыс таңдалған терапияның маңыздылығын атап өтті. Ол өзін- өзі емдеудің зияны туралы және дұрыс емделу және медициналық ұсыныстарды орындау тұрақты ремиссия мен жақсы өмір сапасының негізі екенін еске салды. Кездесу соңында пациенттер тамақтану, физикалық белсенділік пен ауруды бақылау бойынша кеңестерімен резиденттер дайындаған ақпараттық буклеттер мен жадынамалар алды.

Мұндай мектептер Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жақсы дәстүрге айналды. Олар пациенттердің хабардарлығын, жауапкершілігін және сенімділігін арттыруға ықпал етеді, науқастардың диагнозын түсінуінге және ауруларына қарамастан белсенді өмір сүрулеріне көмектеседі.

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет