Республика күні қарсаңында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ қызметкерлері Денсаулық сақтау министрлігінің, Институт әкімшілігінің және Ұлттық медициналық қауымдастықтың наградаларына ие болды.
Наградаларды тапсыра отырып, Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев: «Республика күні — қазақстандықтар үшін ерекше мереке! Бұл күні тәуелсіз, зайырлы, құқықтық мемлекеттің негізі қаланды. Егемен Қазақстанның құрылысы — әрбір азаматтың еңбегі мен күш-жігерінің нәтижесі, әр ұрпақтың үлесі. Сондықтан әрқайсыңыздың еңбегіңіз құрметтеуге лайық. Сіздерге зор денсаулық пен амандық, еңбекте табыс тілеймін. Республикамыз өркендей берсін!», — деді.
Бүгін № 1 терапия бөлімшесінің мейіргері Ұлмекен Сарбаеваға «Еңбек ардагері» медалі табысталды. Кардиология және оңалту бөлімшесінің меңгерушісі Іңкәр Әбділдаева және бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бас маманы Фируза Тоқтахунова ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Институт әкімшілігінің Құрмет грамотасымен соматикалық бөлімшенің мейіргері Камила Әбішева, клининг қызметінің қызметкерлері Жанар Дулатова және Айнұр Мұратова марапатталды.
Айжан Садықова құттықтау сөз сөйлеп, Ұлттық медициналық қауымдастығының «Алтын дәрігер» медалімен Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаевты марапаттады, сондай-ақ республикалық қоғамдық бірлестіктің басқа да наградаларымен – сапа менеджменті және тәуекелдерді басқару бөлімінің басшысы Айман Байзолданова, күндізгі стационар меңгерушісі Бағдат Құттыбаева, консультациялық-диагностикалық орталықтың басшысы Гузель Исхакбаева және интервенциялық кардиолог Арыстан Кужекеев марапатталды.
Айжан Бегайдарқызы мен қазақстандық музыкант, вокалист және әртіс Әнуар Мамыров құтқарылған өмірлер үшін алғыстарын білдіре отырып, музыкалық композициялар орындады. Сахнадағы орындаушылардың харизмасы мен энергетикасы қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.


