📅 2025 жылғы 29 қазан
🕛 12:00- 16:00
Дүниежүзілік инсультпен күрес күні аясында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты Ашық есік күнін өткізеді, кәсіби кеңес алуға және тексеруден өтуге ниет білдірушілерді шақырады.
Бағдарлама аясында:
💬 Кардиолог пен невропатологтың кеңесі — тегін
❤ Қажет болған жағдайда жеңілдікпен тексеруден өту:
Электрокардиограмма (ЭКГ) — тегін
Эхокардиография (ЭХО-КГ) — 10 000 тг
Брахиоцефалиялық артерияларды ультрадыбыстық зерттеу (БА УДЗ) — 10 000 тг
Мидың магнитті-резонанстық томографиясы (МРТ) — 15000 тг
📍 Өтетін орны: Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ
Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 120, Консультациялық-диагностикалық орталық, 7 кабинет
Өз денсаулығына қамқорлық жасайтындардың барлығын шақырамыз!
Аурудың алдын алу — жүрек пен миды қорғаудың ең тиімді әдісі.


