📢 Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ білім беру бағдарламасы бойынша «Иммундық қабыну ревматологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудегі инновациялық әдістер» тақырыбында біліктілікті арттыру циклының ашылғанын хабарлайды:📚120 сағат / 2 апта
📅 Өткізу күні: 2025 жылдың 17–29 қарашасы
📍Мекен-жайы: Алматы қ., Айтеке би көшесі 120/25, конференц-зал
👩⚕️ Аудитория: ревматологтар, терапевтер, ЖПД, отбасылық дәрігерлер, нефролог, кардиолог, травматолог, невропатолог дәрігерлер.
Оқыту құны: 72 000 теңге
🧬Ревматология бағыты келесілерді қамтиды:
- ревматологиялық ауруларды зертханалық, аспаптық және иммунологиялық диагностикалаудың өзекті мәселелері бойынша теориялық блок;
- импульстік терапия, дәлелді медицина қағидаттарына негізделген гендік-инженерлік биологиялық препараттарды қолдана отырып емдеудің заманауи әдістері;
- практикалық блок:
- иммунологиялық зерттеу әдістерін және аспаптық әдістерді (МРТ, КТ, буындар мен омыртқаның УДЗ) интерпретациялау дағдыларын тереңдету;
- әр пациентке жеке терапияны таңдау;
- нақты тәжірибеде ГИБТ көрсеткіштерін анықтау;
- ревматологиялық ауруларды емдеуде ауруды өзгертетін терапия мен глюкокортикостероидты терапия кезінде жағымсыз құбылыстарға мониторинг жүргізу.
✨Оқытуды ҚР ревматология саласындағы сарапшысы, біліктілікті арттыру бағдарламасының жетекшісі, КІАҒЗИ жоғары оқу орнынан кейінгі және үздіксіз білім беру департаментінің ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі,
профессор Машкунова Ольга Васильевна жүргізеді:.
📱Байланыс: whatsApp: +77479346598 — Қадирниязова Гүлсан Ғайбиранқызы
Ревматология саласында біліктілігіңізді арттырып, кәсіби құзыреттілігіңізді кеңейту мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!


