logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

Алматыда биыл үшінші жүрек трансплантациясы сәтті жасалды

https://aqshamnews.kz/kz/article/almatyda-biyl-ushinshi-jurek-transplantasiiasy-satti-jasaldy.html

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаевтің жетекшілігімен анестезиологтар мен кардиохирургтар тобы биыл үшінші жүрек трансплантациясын жасады. 

Донорлық жүректі алғашқы рет трансплантациялау клиникада 2023 жылы жүргізілген болатын. Бүгінгі күні барлығы 4 трансплантация жасалды.

Донор – Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына түскен 63 жастағы әйел адам, дәрігерлер ми өлімін тіркеген.
Жүрек 36 жастағы алматылық ер адамға салынды. Ол дилатациялық кардиомиопатия, сол жақ қарынша қуысында тромб, шығарылу фракциясы өте төмен (24%) созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне шалдыққан. Емдеу нәтиже бермеген соң, оған кардиовертер-дефибриллятор имплантацияланған және жүрек трансплантациясына үміткерлер тізіміне енгізілген.

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет