logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ мен В.Насонова ат. Ревматология ҒЗИ Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев пен Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің                                В.А. Насонова ат. Ревматология ғылыми-зерттеу институтының директоры Александр Лила (Мәскеу) созылмалы аурулардың этиологиясын, патогенезін және оларды түзету жолдарын зерттеу аясында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Тараптар ревматологиялық аурулардың және олардың асқынуларының алдын алу, диагностикасы және емдеу тәсілдерін енгізу мен жетілдіруге ықпал етуге ниетті екендерін білдірді.

Келісім аясында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін тарату; ғылыми баяндамалар, мақалалар, оқу құралдары, әдістемелік және клиникалық ұсынымдар, жарияланымдар дайындау; ревматологиялық аурулары бар науқастардың өмір сапасын арттыру мақсатында бірлескен ғылыми-білім беру іс-шараларын: конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу сияқты бағыттарға баса назар аударылатын болады.

Ревматологиялық аурулармен күресуге бағытталған бұл келісімге қол қойылуы пациенттердің хабардарлығын арттыруға, медицина қызметкерлерінің білімін жетілдіруге, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға және ревматологиялық аурулары бар адамдардың өмір сүру деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

В.А.Насонова ат. Ревматология ҒЗИ — Ресейдегі ревматологиялық ауруларды емдеу саласындағы жетекші мекеме. Мұнда тірек-қимыл аппараты мен дәнекер тіндердің және жүйелі қабыну ауруларына шалдыққан балалар мен ересектерге заманауи ем жүргізіледі.

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет