logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

КІАҒЗИ халықаралық подагра зерттеуіне қатысты

Азия-Тынық мұхиты ревматологиялық қауымдастықтар лигасының (APLAR) вице-президенті Ғалымжан Тоғызбаев әлемдік ревматологиядағы осы ірі халықаралық бірлестіктің Басқарма мүшелерінің кеңесі аясында Панамерикалық ревматология федерациясының (PANLAR) басшылығымен және өкілдерімен кездесті. Чикаго қаласында (АҚШ) өткен отырыста ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Әлемдік деңгейдегі ғылыми іс-шарада Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ постерлік баяндама ұсынды және аймақтың 10 елін біріктірген APLAR-дың подаграға қатысты халықаралық зерттеуіне қатысты. Жоба ауру ағымының ерекшеліктерін зерттеуге және мамандар арасында тәжірибе алмасуға бағытталған.

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет