logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

🌟Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күніне арналған ашық есік күндері🌟

📅5–14 қараша аралығында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының Республикалық эндокринология және диабет орталығы Қазақстан Республикасының Қант диабеті қауымдастығымен бірлесе отырып, Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күнге орай ашық есік күндерін өткізеді.

✅ Биылғы жылы ерекше назар диабеттік табан мәселесіне аударылды — бұл диабеттің ең маңызды әрі алдын алуға болатын асқынуларының бірі. Қан айналымы бұзылыстарын және шеткергі жүйке жүйесінің жағдайын ерте анықтау — ауыр салдарлардың алдын алудағы ең маңызды қадам.

Іс-шаралар аясында пациенттер:

✅науқастың ағымдағы жағдайын талдау және диабетті бақылау бойынша ұсынымдар берілетін эндокринолог дәрігерлердің қабылдауында болады

✅хирург-подолог маманының тексеруі мен кеңесі диабеттік табан синдромының даму қаупін бағалауды қамтиды

✅перифериялық жүйкелердің жағдайын анықтау және диабеттік нейропатияны диагностикалау мақсатында судоскан және электронейромиография (ЭНМГ)

🤝🏻 Ашық есік күндерін өткізу мақсаты — халықтың хабардарлығын арттыру, асқынуларды ерте анықтау, өзін-өзі бақылаудың дұрыс дағдыларын қалыптастыру және пациент пен дәрігер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту.

👩‍⚕️👩‍⚕️Мұндай бастамалар қант диабетімен өмір сүретін адамдардың өмір сапасын жақсартуға және асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

🙏 Барлық қатысушылар мен серіктестерге белсенділігі, сенімі және профилактика мен денсаулыққа қамқорлық мәдениетін дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет