📢 Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты «Гепатология» мамандануы бойынша сертификаттау курсының ашылатыны туралы хабарлайды.
📚720 сағат
📅 Өткізу мерзімі: 2025 жылғы 1 желтоқсаннан 2026 жылғы 21 ақпанға дейін
📍 Өткізу орны: Алматы қ., Әйтеке би көшесі, 120/25
👩⚕️ Тыңдаушылар контингенті: гастроэнтеролог дәрігерлер, инфекционист дәрігерлер
💰 Оқу ақысы: 600 000 теңге
Бұл курс гепатолог дәрігерді даярлауға бағытталған:
✅ бауыр, өт қабы және өт жолдары ауруларын диагностикалауда, емдеуде және алдын алуда заманауи технологияларды қолдану;
✅ гепатобилиарлық аймақ аурулары бар пациенттерді дәлелді медицина қағидаттарына сай жүргізу үшін алған маманданған құзыреттерін өз бетінше тәжірибеде пайдалану, сондай-ақ бауыр мен өт жүйесі ауруларында профилактика, оңалту және нутритивтік қолдау дағдыларын меңгеру.
✨ Оқуды аяқтаған соң мемлекеттік үлгідегі электрондық құжаттар — транскрипт пен курс аяқтағаны туралы куәлік беріледі.
📱Қатысу мәселелері бойынша байланыс📞📞: +7 747 934 6598 — Гүлсан Ғайбиранқызы, +7 775 887 8039 — Мәдина Әділбекқызы.


