https://aqshamnews.kz/kz/article/dariger-okpenin-sozylmaly-obstruktivti-auruynyn-qaupi-turaly-aitty.html
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) — тыныс алу мүшелерінің ең кең таралған ауруы, сонымен қатар жүректің ишемиялық ауруы мен инсульттен кейінгі әлем бойынша өлімнің үшінші себебі.
ӨСОА-мен ауыратын науқастардың шамамен жартысында ауру уақтылы анықталмай, олар басқа диагноздармен: созылмалы бронхит, демікпе бойынша бақылауда болады.


