Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтына Оңтүстік Кореяның Сеул қ. Хёнду ауруханасының директоры Ким Бу Сон бастаған делегация келді.
Делегацияны Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев қарсы алып, оның орынбасары Жәмила Қайбуллаева институт кардиология, гастроэнтерология, эндокринология, ревматология, пульмонология, аллергология және т.б. салалар бойынша пациенттерді емдеу саласындағы жетекші орталық болып табылатыны туралы айтты. Пациенттер — күрделі, созылмалы аурулармен ұзақ уақыт ауыратын, еліміздің әр өңірінен келетін науқастар.
Клиникамен танысу қабылдау бөлімшесінен басталды, онда триаж жүйесі, электрондық кезек қарастырылған, ал ауыр науқастар үшін алғашқы көмек көрсетуге қажетті құралдармен жабдықталған қарқынды терапия палатасы бар.
Қонақтар сәулелік, функционалдық және ультрадыбыстық диагностика, кардиохирургия, рентгенэндоваскулярлық операциялық блок, клиникалық-диагностикалық зертхана, тұз шахтасында болды. Халықаралық стандарттарға сай келетін ең соңғы буын жабдықтар көрсетілді. Институтта жүрек трансплантациясы, LVAD имплантациясы, жоғары операциялық қаупі бар пациенттердің қазіргі заманғы кардиоинтервенция мүмкіндіктері — TAVI және жүрек тамырларын күрделі стенттеудің басқа да түрлері сияқты бірегей операциялар туралы айтылды.
Сондай-ақ, қонақтар қызметі пациенттердің санасында өз денсаулығын сақтауға, дәрігердің ұсыныстарын орындауға, емдеу мен оңалтудың тиімділігіне қол жеткізуде медицина қызметкері мен пациенттің бірлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Пациенттер мектебінде болды.
Ким Бу Сон Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырып, клиника дәрігерлерінің кәсіби шеберлігін, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен клиниканың жақсы жабдықталуын атап өтті.


