https://aqshamnews.kz/kz/article/almaty-kardiologtarynyn-hirurgiialyq-qauiptiligi-jogary-pasientke-jasagan-otasy-satti-aiaqtaldy.html
«Митральды жеткіліксіздікті транскатетерлік емдеудің заманауи тәсілдері. DragonFly™ жүйесі» атты мастер-класс барысында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының интервенциялық кардиологтары халықаралық мамандармен бірлесіп хирургиялық қауіптілігі жоғары 71 жастағы науқасқа митральды қақпақшаның қызметін қалпына келтіру бойынша операция жасады.
Пациент ауыр митралдық жеткіліксіздігіне және стенокардияға, 1-дәрежелі артериялық гипертонияға, инсулинге тәуелді қант диабетіне, диабеттік полинейропатияға, миокард инфарктіне шалдыққан. Оны жүрек соғуының жиілеуі және дұрыс жұмыс істемеуі, физикалық жүктеме кезінде демігу, аяғының ісінуі, жалпы әлсіздік, шаршағыштық мазалаған.


