logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

2025 жылы КІАҒЗИ-да таяу және алыс шетелдің 200-ден астам азаматы консультациялар алып, емделді және медициналық тексеруден өтті

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында медициналық туризм даму үстінде, бұл қазақстандық медицинаның халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға ықпал етеді. Институттың қазіргі заманғы жоғары технологиялық жабдығы, ғылыми-зерттеу және клиникалық базасы бар. Мұнда диагностика мен емдеудің заманауи технологиялары мен әдістемелері қолданылады, жоғары білікті дәрігерлер жұмыс істейді. Клиникаға республиканың барлық өңірлерінен және таяу және алыс шет елдерден емделуге келеді.

2025 жылы КІАҒЗИ-да АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Нидерланды, Үндістан, Моңғолия, Қытай, Ресей, Грузия, Армения, Молдова, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген азаматтар және тұруға ықтиярхаты бар шетелдік азаматтар емделді.

Медициналық туризм шеңберінде мынадай қызметтер көрсетілді:

— кардиология және кардиохирургия: туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақауларын, жүректің ишемиялық ауруларын, жүрек қызметінің жетіспеушілігін, жүрек ырғағының бұзылуын емдеу.

— интервенциялық кардиология және аритмология: жүрек ауруларын емдеу үшін ең аз инвазивті емшараларды жүргізу.

— ішкі мүшелер патологиясын диагностикалау және емдеу: сәулелік, эндоскопиялық және зертханалық диагностиканың толық спектрі, функционалдық әдістер, МРТ, МСКТ, бейнекапсулалы эндоскопия, энтероскопия және эндоскопиялық УДЗ.

— оңалту: жүрек операцияларынан кейін қалпына келтіруге арналған кешенді бағдарламалар.

Институтта 2024 жылы 82 пациент емделсе, 2025 жылы – 94 пациент емделді. Консультациялық-диагностикалық орталықта 80 шетелдік азамат денсаулығына байланысты кеңес алды, 30 пациент тексеруден өтті.

 

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет