logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

Қазақстанның, Өзбекстанның және Қырғызстанның эндоскопист дәрігерлері КІАҒЗИ ұйымдастырған оқыту циклына қатысты

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының базасында 12-23 қаңтар аралығында «Ішектің қабыну ауруларын  жүргізудің өзекті мәселелері. Эндоскопиялық диагностика және емдеу әдістері» оқыту циклі өтті.

Цикл ішектің қабыну ауруларын заманауи диагностикалау және эндоскопиялық емдеу мәселелері бойынша эндоскопист дәрігерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ практикалық тәжірибе алмасуға және күнделікті жұмысқа өзекті клиникалық тәсілдерді енгізуге бағытталған.

Оқытуға Қазақстанның, Өзбекстанның және Қырғыз Республикасының эндоскопист, гастроэнтеролог дәрігерлері қатысты, бұл — бағдарламаның өңіраралық маңыздылығын және оның елдер арасындағы кәсіби өзара іс-қимыл мен білім алмасуды дамытуға қосқан үлесі.

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет