https://aqshamnews.kz/kz/article/almatyda-shvesiiadan-kelgen-professordyn-jetekshiligimen-kurdeli-operasiialar-jasaldy.html
Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында жүрек-қан тамырлары хирургиясы саласындағы жетекші сарапшы, Каролинск институтының (Стокгольм, Швеция) профессоры Наузад Салехтің жетекшілігімен шеберлік класы өтіп, 7 пациентке қолқа қақпақшасын эндоваскулярлық ауыстыру бойынша күрделі операциялар жасалды.
Мұндай аз инвазивті хирургиялық араласулар ашық операциялар жасауға болмайтын ауыр жүрек қан тамырлары аурулары бар науқастарға жасалады.
Науқастардың бірі – 87 жастағы Михаил Федорович қолқа қақпақшасының ауыр стенозына шалдыққан. Оны жүрек тұсындағы ауырсыну, тыныштықта да пайда болатын жүрек соғысы, ентігу, бас ауруы мазалаған. Ол диагнозын бір жыл бұрын ентігу күшейген кезде білген.