Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» Акционерлік Қоғамына сыртқы кешенді бағалау жүргізу туралы
«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-299/2020 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Жарғысының 25-тармағының 3) тармақшасына, «Медициналық ұйымды аккредиттеуді жүзеге асыру бойынша аккредиттеу туралы» 2023 жылғы 13 наурыздағы №1 куәлігіне, «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Кардиология институты» АҚ) 2024 жылғы 21 мамырдағы №259 өтініміне және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2024 жылғы 10 қыркүйектегі №240 бұйрығына сәйкес, 2024 жылғы 07-09 қазан аралығында «Кардиология институты» АҚ-на сыртқы кешенді бағалау жүргізіледі.
КІАҒЗИ халықаралық стандарттарға сәйкестігін тағы да растады және JCI қайта аккредиттеу рәсімінен өтті
2024 жылғы 8-12 шілде аралығында JCI (Joint Commission International) медициналық ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі Халықаралық біріккен комиссия Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ қызметіне бағалау жүргізді. Институт алғаш рет 2021 жылы осындай аудиттен өткен, алайда көрсетілетін көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары стандарттарын сақтау үшін JCI аккредиттеуі заманауи халықаралық стандарттарға тұрақты сәйкестігін қамтамасыз ету үшін үш жыл сайын өткізіледі.
JCI халықаралық аккредиттеу - бұл медициналық көмектің жоғары сапасының стандарты, медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін объективті тану.
Аудиторлар атап өткендей, олар институтта болып жатқан барлық жағдайға пациенттің көзқарасымен қарады. Халықаралық комиссия мүшелері ұжымда мақтануға тұрарлық нәрсе көп екенін атап өтті, өйткені институтта жоғары деңгейдегі мамандар жұмыс істейді. Олар пациенттерге сапалы көмек көрсету, мультидисциплинарлық тәсілді қолдану, сондай-ақ өзара байланысты процестер бойынша команданың үйлесімді жұмысын атап өтті. Аудиторлар тобы институтта қолданылатын тиімділік пен сапаның жекелеген индикаторларын – мысалы, қант диабетімен ауыратын жүкті әйелдерді емдеу тәжірибесі, кардиореабилитация кезеңдері арасындағы сабақтастық критерийлері, ішектің эндоскопияға дайындық сапасының көрсеткіштері және т.б. JCI халықаралық кітапханасына беруге шешім қабылдады. Мұндай озық тәжірибелер бүкіл әлем бойынша медициналық ұйымдар арасында таралып, тәжірибе алмасуға және медициналық қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді.
Клиниканың жұмысы 1110-нан астам көрсеткіш бойынша бағаланып, олардың тек 10-ы бойынша тексеру барысында жойылған елеусіз ескертулер болды.
С.Асфендияров ат. ҚазҰМУ ректорының айтуынша, реаккредиттеу – қайта аккредиттеуден өту әлдеқайда қиын. Марат Орынбасарұлы Пашимов бастаған ұжым өз пациенттеріне жоғары деңгейде қызмет көрсетуге ұмтылатын JCI аккредиттелген клиникасының атағын растау бойынша үлкен жұмыс атқарды.
КІАҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов өз қызметкерлеріне алғыс білдіріп, әркімнің сапалы нәтижені қамтамасыз етуге қосқан үлесі баға жетпес екенін атап өтті. "JCI стандарттары денсаулығы мен өмірін бізге сеніп тапсырған пациенттердің күтімі мен қауіпсіздігіне бағытталған. JCI аккредитациясы пациенттерге клиникаға сене алатынын көрсетеді. Біз JCI ұсынатын құралдарды пайдалана отырып, қызметтердің сапасын үнемі жақсартуға тырысамыз", - дейді Марат Орынбасарұлы.
JCI стандарттары бойынша барлық бөлімшелер мен процестер бағаланды, олар: пациенттерді емдеу және күту тәсілдері, олардың қауіпсіздігі мен құқықтарының сақталуы, ғимараттың қауіпсіздігі, дәрі-дәрмекпен жұмыс істеу, инфекциялық қауіпсіздік, кадрлармен қамтамасыз ету, тәуекелдерді басқару, білім беру және ғылыми процестер, медициналық және әкімшілік персоналдың пациенттерге жеке көзқарасы. Қауіптілігі жоғары дәрі-дәрмекпен дұрыс жұмыс істеу, оларды таңбалауға және сақтауға, инциденттерді басқаруға, ауруханаішілік инфекциялардың, құлау салдарынан жарақат алу қаупін азайтуға ерекше назар аударылды.
Сапаны басқарудың жүйелі тәсілі ұйым қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Клиникада соңғы жылдары клиникалық көрсеткіштер жақсарды, пациенттердің медициналық көмектің сапасына қанағаттануы өсті, өлім-жітім төмендеді, дәрі-дәрмектерді тұтыну мен қолдану тиімдірек болды.
Осылайша, JCI халықаралық стандарттарын сақтау ұйымға жұмыс мәдениетін арттыруға, пациенттерге көмек көрсету үшін қауіпсіз орта құруға және медициналық қызмет көрсету сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Ұлттық аккредиттеудің жоғары санаты берілді
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты Денсаулық сақтау саласындағы сапа жөніндегі аккредиттеу орталығы тарапынан қызметін бағалаудан сәтті өтті. Институт Ұлттық аккредиттеудің жоғары санатына ие болды. Аккредиттеу орталығы Қазақстандағы медициналық ұйымдарды аккредиттеуді іске асыратын жалғыз аккредиттеу ұйымы.
«Ағымдағы жылғы қыркүйекте Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ медициналық қызмет көрсетудің жоғары сапасы мен пациенттердің қауіпсіздік деңгейінің көрсеткіші болып саналатын JSI халықаралық аккредиттеуін алған болатын. Ұлттық аккредиттеу біздің клиниканың халыққа медициналық қызмет көрсетуі деңгейінің жоғары екендігін дәлелдеді. 2018 жылы институтқа Ұлттық аккредиттеудің бірінші санаты берілген болатын. Ұжым қызметкерлерінің 3 жыл бойғы күнделікті тынымсыз еңбегі жоғары санатты алуға мүмкіндік берді, - дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Роза Қуанышбекова.
«Денсаулық сақтау саласындағы сыртқы кешенді бағалау жөніндегі сарапшылар мен консультанттардың» ҚБ 5 қазаннан 9 қазанға дейін клиника қызметіне бағалау жүргізді. Ұлттық стандарттар бойынша ұйымдағы барлық бөлімшелер мен процестер бағаланады. Олар: стратегиялық және операциялық жоспарлау, емдеу және пациенттерге күтім жасау, пациенттердің, ғимараттың қауіпсіздігі, инфекциялық бақылау, сапаны, қауіптерді және ресурстарды басқару, пациенттердің құқықтарын сақтау, халықпен жұмыс жүргізу, кадр саясаты және т.б.
Клиника басшысының айтуынша: «2020 жылы біз Қазақстанның ең үздік кәсіпорны атандық, сол жылы бізге тиісті клиникалық практика (GCR) стандартына сәйкестік сертификаты берілді. Халыққа көмек көрсету үшін бәсекелестік медициналық қызмет көрсетуді арттырудың тиімді тетігі. Табыстың негізгі факторы, ең алдымен, адами капитал болып табылады. Біздің дәрігерлер жетекші шетелдік клиникаларда білім алды және әлі де білім алуда. Біз оқыту, тәжірибе алмасу арқылы практикалық және теориялық дағдылардың жоғары деңгейіне ұмтыламыз. Көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру үшін үнемі жұмыс істейміз».
Аккредиттеу медициналық ұйымның бекітілген сапа стандарттарына сәйкестігін дәлелдейді. Сондықтан медицина ұйымында аккредиттеу туралы сертификатының болуы көрсетілетін қызмет сапасының жоғары стандарты мен пациент үшін жайлылық пен қауіпсіздікті білдіреді.
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ JCI аккредитациясын алды
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының қызметі Медициналық ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі халықаралық біріккен комиссиясы тарапынан сәтті бағаланып, JCI аккредитациясын - сертификатын алды.
АҚШ-да орналасқан JCI (Joint Commission International) медициналық ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі халықаралық біріккен комиссиясы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының қызметін 23 және 27 тамыз аралығында бағалады. Аккредитация медициналық ұйымның бастамасымен жүзеге асты.
«Біздің клиника JCI аккредитациясынан сәтті өткенін мақтанышпен айтқымыз келеді. JCI аккредитациясы - бұл жоғары сапалы медициналық көмек стандарты. JCI аккредитациясына дайындық барысында клиниканың ойлау жүйесі өзгереді. Қызметкерлер онда болып жатқанның барлығына пациенттің көзімен қарай бастайды, олар емнің барлық кезеңдерін талдайды, ықтимал қауіптерді алдын ала анықтап, олармен күреседі», - дейді ҒЗИ Басқарма төрайымы Роза Қуанышбекова.
JCI аккредитациясы - бұл медицина саласындағы халықаралық деңгейдегі «алтын стандарт» - медициналық ұйымдағы қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігінің ең беделді және объективті танылуы. Ол ұйымның халықаралық деңгейде қабылданған медициналық және әкімшілік стандарттарға, сондай-ақ халықаралық мақсаттар мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігін растайды.
JCI халықаралық сараптамалық комиссиясының жүргізген аудит клиниканың дәрігерлері мен мейіргерлерінің кәсіби біліктілігі жоғары екенін растады. Ұйымдағы барлық бөлімдер мен процестер дәрігердің емдеуі мен мейіргер күтімінен бастап ғимараттың қауіпсіздігі, инфекциялық бақылау, дәрі-дәрмектерді қолдану, пациенттің құқықтарын сақтау, кадрлармен қамтамасыз етілуіне дейін JCI стандарттары бойынша бағаланады. Клиниканың жұмысы 200-ден астам негізгі стандарттар, 400-ге жуық жалпы стандарттар және 1100 -ден астам қосымша көрсеткіштер бойынша бағаланады.
JCI-ге дайындық кезінде пациенттердің қауіпсіздігінің халықаралық мақсаттарына мониторинг жасалды. Жүйелі жұмыстың арқасында клиникалық көрсеткіштер жақсарды, пациенттердің қанағаттануы артты, өлім-жітім 2 еседен астамға төмендеді, қауіптілігі жоғары дәрі-дәрмектермен жұмыс жасауға ерекше көңіл бөлінді (оларды жеке сақтау, таңбалау, тізімдер), дәрі-дәрмектерді қолдану және мейіргерлік процестің тиімділігі айтарлықтай өсті. Аккредитация мейіргердің рөлін едәуір арттырады, көптеген дағдыларға үйретіп көп функциялар береді. Институт қызметінің соңғы 3 жылдағы көрсеткіштері тұрғындар арасында медициналық көмектің барлық спектрі жоғары сұранысқа ие екендігін көрсетті.
«Бұл консультациялық-диагностикалық көмек, күндізгі стационар - консервативті кардиология мен терапия - кардиохирургия мен реабилитациядан бастап, халыққа медициналық көмектің толық циклінің болуына байланысты мүмкін болды», - деп атап өтті Р.Қуанышбекова.
Қазақстанда JCI халықаралық стандарттарын енгізу медициналық ұйымдар арасындағы бәсекелестікті дамытуға және сол арқылы медициналық қызметтің ашықтығы мен сапасын жақсартуға ықпал ететіндігін атап өткен жөн.